Архив событий

19/09/2017

Қоғамдық тәртіпті бұзушылар айыппұл төлейді

19/09/2017

2017 жылы шілде айында Ю. елордадағы бір тұрғын үйдің ауласында Б.-мен төбелескен, сол себепті үй тұрғындары полиция қызметкерлерін шақырған.

Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері бұзақыларды тыныштандырып, бөлімшеге бару туралы ұсыныс жасаған, алайда сотталушы Ю. полиция қызметкерін балағаттаған, нәтижесінде қызмет бабындағы билік өкілін қорлаған.

Медиацияны қолдану арқылы қылмыстық істерді қарау

19/09/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот судьялары, прокуратура, Есіл ауданының ІІБ-ның өкілдері және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ медиаторларының қатысуымен медиацияны қолдану арқылы қылмыстық істерді қарау тәжірибесі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Қ.Тобағалиұлы қылмыстық сот өндірісіндегі медиация тараптардың келісіміне алып келетін даулардың шешілуіне қол жеткізу болып табылатынын атап өтті.

«Mega Silk Way» ОСО-да жасалған ұрлық

19/09/2017

2017 жылы  наурыз айында «Mega Silk Way» ОСО-да жас қыз демалуға арналған орындықтарда келушінің ұялы телефоның ұрлаған.   

Басты сот талқылау отырысында тараптардан татуласуына байланысты істі қысқарту туралы өтініш түскен.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына және материалдық залалды өтеуіне байланысты,  қылмыстық  жауаптылықтан босатылып іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жалақы бойынша қарыз өтелді

19/09/2017

2016 жылы «Г» ЖШС және елордалық тұрғын арасында еңбек шарты жасалған, шарт бойынша соңғысы  жұмысқа кран машинистің операторы қызметіне қабылданған.

Алайда, жұмыс кезінде еңбек келісім-шартына сәйкес қызметкерге еңбекақы төленбеген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, қызметкердің пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот оқуға жұмсалған соманы өндіріп алды

19/09/2017

«ҚАЗГЗУ» АҚ және аз.А-ның арасында ақылы негізде жүзеге асырылатын білім беру қызметін көрсету бойынша келісім шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес, университет өзіне ақылы негізде екі жыл мерзімге А.-ның оқуын ұйымдастыруға міндеттеме алған.

Өз кезегінде А. білім беру қызметтеріне уақытылы төлем жасауға міндеттенген.

Алайда, уақытылы төлем жасамағаны үшін студент университеттен шығарылған, жасалған қызмет үшін қарыз төленбеген.

Елорда тұрғыны эксплуатациялық шығындар бойынша қарыз сомасын өтейді

19/09/2017

Кәсіпорын елордалық тұрғынның жеке меншігіндегі пәтері бар тұрғын үйде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Елорда тұрғыны  келісім шарттың нормаларын бұза отырып, кәсіпорын қызмет көрсететін қызметтер үшін ай сайынғы төлемді төлемеген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты тұрғыннан эксплуатациялық шығындар бойынша қарыз сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот атқарушылық жазба бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

19/09/2017

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен «Нотариустардың атқарушылық жазба пилоттық жобасын қолдану практикасын іске асыруын кеңейту туралы» Ереже бекітілді.

Аталмыш пилоттық жобаға Астана мен Алматы округтік нотариаттық палата нотариустары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының  аудандық соттары қатысады.