Медиацияны қолдану арқылы қылмыстық істерді қарау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот судьялары, прокуратура, Есіл ауданының ІІБ-ның өкілдері және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ медиаторларының қатысуымен медиацияны қолдану арқылы қылмыстық істерді қарау тәжірибесі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Қ.Тобағалиұлы қылмыстық сот өндірісіндегі медиация тараптардың келісіміне алып келетін даулардың шешілуіне қол жеткізу болып табылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, медиация қолданысын кеңейту мақсатында Есіл ауданының прокуроры Т.Әлібаев медиаторларға ІІБ тергеушілеріне дәріс өткізуді ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында медиация институтын насихаттау жөніндегі жұмысты күшейту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі