Архив событий

28/09/2017

Кәмелеттік жасқа толмаған бала полиция қызметкерін қорлаған

28/09/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты баланың анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Кәмелетке толмаған ұлы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторын дөрекі балағаттаған.

Соттың қаулысымен кәмелетке толмағанның заңды өкілі болып табылатын анасы ұлы жасаған бұзақылыққа қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Судья «Шалқар» радиосында сұхбат берді

28/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.С. Дощанова  «Шалқар» радиосының  «Таңжарық» бағдарламасына «Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар»тақырыбымен қатысты.

Радио эфир барысында судья, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жкек тұлғаларға қорлап тиісу, ортақ пайдалану орындарын, саябақты, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтарды тастау ұсақ бұзақылыққа жататынын айтып берді.

Электрондық арыздарды сотқа тапсыру кезінде туындайтын кейбір сұрақтар

28/09/2017

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева және «Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау»  ҚБ өкілінің қатысуымен «Электрондық арыздарды сотқа тапсыру кезінде туындайтын кейбір сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қоғамдық бірлестік өкіліне талапкердің қолымен, нақты айтқанда электрондық сандық қолтаңбасымен  (ЭСҚ) электрондық түрде арыз беру тәртібі түсіндірілді.

ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық залалды өндіру

28/09/2017

2017 жылы 9 мамырда азамат Т.-ның кесірінен жол көлік апаты орын алған, нәтижесінде машинаға едәуір зақым келтірілген.

Сот отырысы барысында ЖКО кінәлі азамат сотпен ҚР ӘҚБК 610 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылғаны анықталды.

Іс материалдарын зерделеп, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден материалдық залал сомасын өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ортақ мүлікке жұмсалған шығындар

28/09/2017

«Н» ТҚК жауапкер тұратын көп пәтерлі үйдің қызмет көрсетуші ұйымы болып табылады.

 2015 жылдың қазан айынан 2017 жылдың шілде айы аралығында жауапкердің эксплуатациалық шығыстар бойынша талапкер алдында қарыздар екені анықталды. Жауапкермен шарт  талаптарының бұзылуы нәтижесінде, талапкер сотқа талып арызбен жүгінуге мәжбүр болған.

Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес, үй-жайлардың меншік иелерi ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Астана қалалық сотының төрағасы интернет-конференция өткізеді

28/09/2017

2017 жылғы 29 қыркүйек айында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасымен интернет-конференция өтеді.

Астана қаласы соттарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар мен өтініштер келесі электронды мекенжайларға жолданылады: 717-0901@sud.kz, 717-0902@sud.kz.