Архив событий

06/09/2017

Бала асырап алумен байланысты азаматтық істерді қараудың кейбір мәселелері

06/09/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алумен байланысты азаматтық істердің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Сарыарқа аудандық прокуратурасының, Астана қаласы білім басқармасының қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімінің, «Право» ҚҚ-ның, мамандандырылған балалар үйінің өкілдері және «Келешек» психологиялық орталығының психологы қатысты.

Сот браконьерден жабайы қабандарды атқаны үшін залал сомасын өндірді

06/09/2017

2017 жылғы 12 қаңтарда Қостанай облысы Аманкелді ауданының Жалдама өзенінің бойында табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен екі жабайы қабанды заңсыз ату кезінде браконьер ұсталды. 1 және 3 жастағы ұрғашылар атылған, бұл ретте біреуінің құрсағында 7 эмбрион болған.

Сотта құқық бұзушы өзінің заңсыз әрекетімен екі дарақ жабайы қабанды ұстағаны және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны анықталған.

Сот елордалық компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

06/09/2017

2017 жылы маусымда «Высший медицинский колледж» шаруашылық жүргізу құқығы бар Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен елордалық компания арасында жеткізіп беру мен мемлекеттік нышаны бар стеланы орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалған.

Шартқа сәйкес жеткізу күні шартқа қол қойған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күнді құрайды, яғни 2017 жылдың 27 маусымына дейін.

Банктік заем бойынша қарыз

06/09/2017

2012 жылы сәуір айында екінші дәрежелі банк пен «О» ЖШС арасында банктік заем бойынша шарт жасалған,  шартқа сәйкес серіктестікке 28.01.2013жылға дейін қайтару уақытымен банктік заем берілген. Кепілге Маңғыстау облысындағы 1 жер телімі мен 2 автокөлік ұсынылған.

Екінші деңгейдегі банк пен «А» ЖШС арасында міндеттемені қамтамасыз ету үшін кепілдік туралы келісім жасалған.

Кешігу пайда болғаннан кейін, бір автокөлік сатылды, қалған бөлігін кепіл төледі.

Елордалық құрылыс компаниясы берешек сомасын төлейді

06/09/2017

Қосалқы мердігер ұйымы мен елордалық құрылыс компаниясы арасында қосалқы мердігерлік жұмыстар бойынша шарт жасалған.

Бас мердігердің көрсетуі бойынша келісім шарттың нысаны монтаж жасау мен технологиялық жабдықтарды жөндеу болып табылады.

Келісімшарт бойынша түпкілікті есеп айырысуды мемлекеттік мердігер 15 банктік күн ішінде қабылдады, оны қабылдау актісі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрылысы аяқталғаннан кейін салынған объектіні қабылдау және пайдалануға енгізу туралы келісімнен кейін жасалды.

Сот білім гранты бойынша берешекті өндірді

06/09/2017

2001 жылы Б.,Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті және Қаржы орталығы арасында үшжақты кредиттік келісім жасалды, оның негізінде Қаржы орталығы ЖОО-ға студент-қарыз алушының оқуына, мемлекеттік оқу грантының  қаражатын аударып отырды.

Сот отырысында Б.-ның ЖОО-ны мемлекеттік білім гранты негізінде бітіргені анықталды. Білім несиесін төлеу кестесіне сәйкес, Б. 2007 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін несиені толық төлеуге міндетті болатын.

Сот жұмыс берушіден материалдық залал сомасын өндірді

06/09/2017

2010 жылғы 15 қаңтар айында бригада құрамында кәріз коллекторын салу жұмыстарын орындаған кезінде ер адамға зақым келіп, өндірістік жарақат келтірілді, нәтижесінде ол 50% еңбекке қабілетін жоғалтып, мүгедек атанды.

2012 және 2013 жылғы сот шешімімен жұмыс берушінің 50 % кінә дәрежесі орнатылып, талапкердің пайдасына біржолғы төлемдер бойынша әлеуметтік жәрдемақы өндірілді.

Алайда жұмыс беруші мүгедектік бойынша жәрдемақыны төлемей, міндеттемелерден жалтаруда.