Архив событий

20/09/2017

Астана қалалық сотында Қазақстан халықтарының Тілдер күні өткізілді

20/09/2017

Қазақстан халықтарының Тірдер күні мерекесі қарсаңында Астана қалалық сотында қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сот мамандары арасында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» тақырыбында сайыс өткізілді.

Байқау үш күрделі кезеңнен тұрды. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар мәтіндерді жазбаша түрде аударды. Келесі кезеңдерде мемлекеттік және орыс тілдерінде сот отырысы өткізілді.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы радиода сөз сөйледі

20/09/2017

Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы У.Қошанов «Астана» радиосында «Сот процесінің ашықтығы» тақырыбында сөз сөйледі.

Эфир барысында судья сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, процессуалдық заңнамадағы жаңашылдықтар, соттарда заманауи ақпараттық технологиялардың қолданылуы туралы айтып өтті.

Сұхбат соңында радиостанция редакторлары қызықты әңгімесі үшін судьяға алғыстарын білдірді.

 

Сот үй жануарларын тиісінше ұстамаған иттің иесінен келтірілген залал сомасын өндіріп алды

20/09/2017

Елорда тұрғыны сотқа иттің иесіне қатысты қатысты үй жануарларын тиісінше ұстамағанға байланысты келтірілген шығынды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

2017 жылы маусым айында елорда тұрғыны көршісінің иті олардың ауласына кіріп,  құстардың жартысынан көбісін тістеп тастағанын анықтады.

Оқиғадан кейін иттің иесі залалды қайтару туралы қолхат жазған, ал ит болса МКК «Ветсервис» ШЖҚ-на одан әрі ұстау үшін берілді.

Алайда жауапкер бүгінгі күнге дейін келтірген залалды төлеуден бас тартуда.

Күзет фирмасы бұрынғы қызметкеріне қарыз сомасын өтейді

20/09/2017

 

2015 жылы ер адам күзет агенттігіне жұмысқа қабылданған, ол еңбек шартымен дәлелденді.

Сот отырысында күзет агенттігі 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың сәуір айына дейін бұрынғы қызметкерге жалақы төлемеген, соған байланысты агенттік алдында қарыз пайда болды.

Ер адам автокөлікті ұрлап, жол көлік оқиғасын жасаған

20/09/2017

2017 жылы маусымда М. елорда көшелерінің бірінде «С» ЖШС-на тиесілі «КIА TOPIC» маркалы автокөлігін көреді.

М. қасындағы Р.-ға өзінің қылмыстық ниеті туралы хабардар етпестен, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жолаушы жақтағы сәл ашық тұрған терезеден қолын тығып, есікті ашқан. Есікті ашқан ол өзінің мас екенін алға тартып,  Р.-ға рөлге отыруын сұраған.

 Жағдайды толық түсінбеген Р. көліктің рөліне отырып, көлікті сымдарды жалғау арқылы жүргізбек болған, бірақ ол әрекеті іске аспады.

Ақауы бар желдеткіштердің қайтарымы

20/09/2017

2017 жылы сәуір айында елордалық екі компания арасында желдеткіштерді сату-сатып алу және оларды орналастыру бойынша шарт жасалған.

Алайда, желдеткіштердің бірі орналастырылмаған.

Заттың сапасын тексеру актісіне сәйкес, желдеткіштің компрессоры зауыттан ақауы бар және алмастыруды қажет етеді.

2017 жылы мамырда   сатушыға желдеткішті ауыстыру немесе желдеткішке төленген соманы қайтару туралы шағым жіберілді.

Дауды медиация тәртібімен реттеудің мүмкіндіктері

20/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Дауды сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында медиация тәртібімен реттеудің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Алматы аудандық прокуратурасының өкілдері және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚМ-ның  медиаторлары қатысты.