Архив событий

21/09/2017

Елорда тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған жиенін мас қылған

21/09/2017

2017 жылы шілде айында елорда тұрғыны 2003 жылы туылған, кәмелеттік жасқа толмаған жиенімен алкогольді ішімдіктер ішкен, атап айтқанда арақ ішкен.

Соның нәтижесінде, өзінің кәмелеттік жасқа толмаған жиенін орташа дәрежедегі мас күйге жеткізген.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 131 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 45 380 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар сотта татуласты

21/09/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша К.-ға қатысты іс сотталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуымен қысқартылды.

Әкімшілік соттың судьясы «Астана» радиосында сөз сөйледі

21/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Бауыржан Ахметқалиев «Астана» радиосының «Әділет әлемі» бағдарламасында сөз сөйледі.

Радио хабар тарату барысында судья отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік соттардың қаралуына берілуін, атап айтқанда, денсаулығына елеусіз зиян келтіруді, ұрып-соғуды, сондай-ақ осы санаттағы істерді қараудың тәртібі мен мерзімін түсіндірді.

Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу

21/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Г.Башенова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Г.Башенова  студенттерге «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында сот жүйесінің жүргізген реформалары, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, азаматтық сот өндірісіндегі татуластыру рәсімдерінің рөлі туралы айтып берді.

Шара соңында заң факультетінің студенттері қызықты дәрісі үшін алғыс білдірді.

Сот медиацияны қолданды

21/09/2017

2016 жылы сәуір айында елорда тұрғыны және «В» ЖШС арасында ас үй жиһазын сатып алу бойынша шарт жасалған.

Шарт талаптарына сай сатып алушы алдын ала төлем жасаған.

Алайда, сатушымен жеткізілген ас үй жиһазының фурнитурасы және карнизі болмаған. Оған қоса, қасбеттің түсі сатып алушының тапсырысымен сәйкес келмеген.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан медиативті келісімді бекіту туралы өтініш түскен.

Өзгенің атынан банктен несие алғаны үшін жауапкершілік

21/09/2017

2014 жылы наурыз айында елорда тұрғыны тауып алған М.-ның атындағы жеке куәлікті пайдаланып, алдау арқылы банктен 1 200 000 теңге сомасында несие алған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ш. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұры жәбірленуші тараппен татуласты

21/09/2017

2017 жылы шілде айында С. «Мир школьника» дүкеніне кіріп, жердегі екі балалар сөмкесін көреді.

Ешкім қарап тұрмағанын  және кедергі жасамайтынын пайдаланып, материалдық зиян келтіретінін біле тұра, қызғылт түстес сөмкені алып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот талқылауы барысында жәбірленуші тараптан тараптардың медиативті келісім жасауына байланысты, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш келіп түсті.