Архив событий

15/09/2017

Дауды шешудің әмбебап әдісі

15/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Медиация - дауларды шешудің  тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен «MEDIATOR KZ» заң компаниясының медиторлары қатысты.

Судья Н.Е.Баяхметов өз баяндамасында, медиацияны пайдалану сот жүктемесін азайтуға айтарлықтай ықпал ететінін және тараптар арасындағы дауларды шешудің өзара тиімді әдісі болып табылатынын атап өтті.

Сарыарқа аудандық соты судьялыққа үміткерлер үшін семинар сабағын ұйымдастырды

15/09/2017

Осы жылы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына базалық соттың мәртебесі берілді, соттың базасында қалалық соттың оқу орталығының оқу жылына арналған жоспарының негізінде дәріскер-судьяларды тарта отырып  сабақ өткізіледі.

Осылайша, Сарыарқа аудандық сотында  аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандары үшін судья лауазымына біліктілік емтихандарды тапсыру бойынша арнайы дайындау курстары өткізілді.

Сот отырысы хаттамасын жасау тәртібі

15/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сот отырысы хаттамасын жазудың тәртібі» атты тақырыпта дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында судья Г.М.Башенова аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелерін талқылап, тақырыпқа сай хаттамаға байланысты әр тарауды сөз қылды. Орын алатын кемшіліктерді атап, келешекте оны болдырмау мақсатынды аталған Ережелердің 8 тарауын түбегейлі түсіндірді.

Шара соңында судья мамандардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.   

 

 

Медиациялық келісім негізінде мемлекеттік бажды қайтару

15/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «T» ЖК -ның «С» ЖШС-на қатысты қабылдау актісі бойынша жасалған жұмысты танып,  қарызды қайтару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар медиациялық келісімге келді және осы іс бойынша соттың медиацияны өткізуін сұрады.

Жүргізуші мен жаяу жүргінші сот залында татуласты

15/09/2017

2017 жылы 28 маусымда көлік жүргізушісі елорда көшелерінің бірінде кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

ЖКО нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орта дәрежедегі зақым келген.

Сот талқылауы барысында тараптардан медиация тәртібінде сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш келіп түскен.

Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына және медиациялық келісімге келуіне байланысты іс қысқартылды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары

15/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы У.Рахматуллаев, судья К.Иманалиев, сонымен бірге Астана қаласы сақтандыру компаниясы өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолданудың тәжірибесі және оның артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы У.Рахматуллаев, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін кеңейтіп, сот өндірісін жеңілдететінін атап өтті.

Іс медиация тәртібімен қаралды

15/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында алаяқтық бойынша қылмыстық іс қаралды.

Осы жылдың тамыз айында елорда тұрғыны жалға беретін пәтері болмаса да, «OLX»   интернет сайтына 1 бөлмелі пәтерді жалға беретіні жөнінде хабарландыру берген. Кейін, әйел адам алдау арқылы жәбірленушіден пәтерді бір тәулікке жалға беремін деп 7000 теңге алған.