Архив событий

18/09/2017

«Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасы

18/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотында «Электронды қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, ҚР ІІМ Кылмыстық атқару жүйесі Комитетінің өкілдері және Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы қатысты.

Судья Н.Баяхметов ақпарат қызметі қылмыстық процестің сапасын жақсартуға және заң бұзушылықты болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әкімшілік сотта сот қаулысын қайта қарау мәселелері бойынша семинар өтті

18/09/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  заңды күшіне енген (ӘҚБтК 47 тарауы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шешімдерді қайта қарау мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысы сот төрағасы У.Рахматуллаев, қалалық соттың судьялары К.Ақтайлақов, М.Омарбекова, сонымен бірге әкімшілік соттың судьялары қатысты.

Сот жауапкершілігі шектеулі серіктестікті банкрот деп таныды

18/09/2017

Елордалық компания сотқа «SpecDelGroup» ЖШС-ны банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінді, бұған негіз борышкердің бірнеше жылдан бері компания алдындағы қарызын өтемеуі болып отыр.

Сот отырысында борышкердің қаржы – шаруашылық қызметті жүргізбейтіні, несие берешегін өтеуге мүлкі жоқтығы анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «SpecDelGroup» ЖШС банкрот деп таныды.

Шешім заңды күшіне енді.                  

 

Экономикалық сот бітімгершілік келісімді бекітті

18/09/2017

«Э» ЖШС сотқа «А» ЖШС-дан өрт қауіпсіздігі бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету шарты бойынша көрсетілген қызмет үшін тұрақсыздық және қарызды өндіру талабымен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және келісімді бекітуді сұрады.

Қойылған тауардың қарызы өндірілді

18/09/2017

«Лазым Trade» ЖШС және аз.А арасында «Pure Pro» су тазарту сүзгісін жеткізу бойынша сатып алу-сату шарты жасалған.

Шарт талаптары бойынша жауапкер қабылдау-беру актісіне сәйкес кәсіпорыннан тауар сатып алған. Алайда, тауар құнын төлеу бойынша міндеттемені орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден шарт бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сот тұрмыстық қалдықты шығару қызметі бойынша қарызды өндірді

18/09/2017

 «Астана-Тазарту» ЖШС  жария шарты негізінде жауапкер К.-ға қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қызметін ұсынған.

Шарт талаптарына сәйкес, орындаушы тапсырыс берушінің ортақ пайдаланатын контейнерлік алаңдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарған.

Келісім-шартқа сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарға ақыны төлеу айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемеген.