Сот оқуға жұмсалған соманы өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«ҚАЗГЗУ» АҚ және аз.А-ның арасында ақылы негізде жүзеге асырылатын білім беру қызметін көрсету бойынша келісім шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес, университет өзіне ақылы негізде екі жыл мерзімге А.-ның оқуын ұйымдастыруға міндеттеме алған.

Өз кезегінде А. білім беру қызметтеріне уақытылы төлем жасауға міндеттенген.

Алайда, уақытылы төлем жасамағаны үшін студент университеттен шығарылған, жасалған қызмет үшін қарыз төленбеген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, университеттің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі