Архив событий

25/09/2017

Сарыарқа аудандық сотында ЭЦҚ кілттерін беру бойынша пилоттық жобасы сәтті іске асырылуда

25/09/2017

Электрондық сот ісін жүргізуді дамыту мақсатында Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментімен және ақпарат және коммуникация Министрлігі және «азаматтарға арналған Үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның соттарда азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба беру бойынша пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Аталған пилоттық жоба қалың халықтың электрондық сот ісін жүргізу мен сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуді дамытуға бағытталған.

Сотпен тәрбиелік ықпал ету шарасы қолданылды

25/09/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп – лицей - интернаты» КММ-ге жіберу арқылы төрт жасөспірімге қатысты тәрбиелік ықпал ету шараларын қолданды.

 Бұл жасөспірімдер бiрнеше рет ң алдын ала сөз байласу арқылы тонау, ұрлық жасау секілді қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Борышкер 27 млн. астам теңгені несие берушіге қайтарады

25/09/2017

Несие беруші Ж. және борышкер Е. арасында 35 млн.теңге көлеміндегі сомаға займ шарты жасалған.

Сотта анықталғандай, борышкер тек 7 300 000 теңгені ғана төлеген, осыған байланысты, тараптар арасында қосымша шарт жасалған, онда қарыз сомасын қайтару уақыты нақты көрсетілген.

Борышкер қарыздың қалған бөлігін өз еркімен өтемеген.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен борышкерден қарыздың қалған бөлігі 27 млн. теңге өндірілді.

Су шығыны үшін берешек өндірілді

25/09/2017

«Астана су арнасы» МКК және аз.И. арасында салқын су мен су бұру жүйелерін пайдалану бойынша шарт жасалған.

Аз. И.-де 49 мың теңгеден астам берешек сомасы пайда болған, сол себепті, Астана қаласы Есіл аудандық сотының сот бұйрығымен борышкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.  

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Сарыарқа аудандық сотына Дүниежүзілік Банк өкілдері келді

25/09/2017

Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде Дүниежүзілік Банктің өкілдері Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына келді.

Бұл аталған жоба Дүниежүзілік банктің көмегі арқасында Қазақстан Республикасының әділет Министрлігімен жүзеге асырылады.

Астана қалалық сотында Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шара өтті

25/09/2017

Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған Астана қалалық сотында өткен салтанатты жиынға елордалық соттардың судьялары мен мамандары қатысты.

Іс-шараны ашу тізгінін қолға алған апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин, Қазақстанда әрбір азамат қарым-қатынас тілін еркін таңдауға құқылы екенін атап өтті. А.Кенжеғарин Қазақстан халықтарының тілдер күні еліміздің барлық азаматтарының достық мен бірлік күні екенін тілге тиек етті.