Архив событий

14/09/2017

Тұрғын үй дауы медиация тәртібімен аяқталды

14/09/2017

«Т» ЖШС мемлекеттік жоспар бойынша салынған тұрғын үйге қызмет көрсетуші сервистік компания болып табылады.

Қызмет көрсетуші ұйым тексеруді жүзеге асыру кезінде тұрғын үйде тұратын жауапкер өз еркімен қылтимаға асылмалы жиек тұрғызу бойынша бұзушылықтарды анықтаған.

Талапкер бірнеше рет жауапкерге жіберілген құрылыс бұзушылықтарды  жою туралы ескерткен.

Сот талқылауы барысында тараптардан татуластырушы-судьяның қатысуымен медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісім түсті.

Сот телефон байланысы үшін қарыз сомасын өндіріп алды

14/09/2017

«Қазақтелеком» АҚ және елордалық тұрғын арасында телекоммуникация қызметтерін көрсету бойынша шарт жасалған.

Сотта анықталғандай, қызметке төлем жасамағандықтан, жауапкерде мекеме алдында қарыз пайда болған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы және мемлекеттік баж шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.       

Кәсіпорын жеткізілген тауар үшін қарызды төлейді

14/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «K» ЖШС-нің «H» ЖШС-не қатысты қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.  

Істі зерттеу барысында, талапкер 2016 жылы қыркүйекте және 2017 жылы қаңтарда жазбаша келісім шарт жасамастан тауар жеткізілімін белгілі сомаға орындағаны анықталды.  

Сот  істі толығымен зерттеп талапкердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.                         

 

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

14/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның «Б» ЖШС-на қатысты қарызды өндіріп алу талабы бойынша азаматтық іс қаралды.                                    

Сот талқылау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және істі тараптардың қатысуынсыз қарастыруды сұрады.  

ҚР АПК 277 бабының 5 тармақшасына сай, егер тараптар бітірмгершілік келісімге келсе және оны сот бекітсе, сот іс бойынша өндірісті тоқтатады. 

Көлікке төленетін салық

14/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының аз.К.-ге қатысты салық қарызын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат К.-ге жекеменшік құқықта «Toyota Land Cruiser» маркалы көлік тиесілі. Ұсынылған шотқа сәйкес, талап арыз берілген уақытта жауапкердің бюджет алдындағы көлік салығының қарызы 500 мың теңгеден аса соманы құрады.

Сот шешімімен мемлекеттің пайдасына қарыз сомасын өндірілді.

Жауапкер эксплуатациалық шығындар бойынша қарыз сомасын өтейді

14/09/2017

«Б» құрылыс компаниясы» ЖШС жауапкер тұратын көп пәтерлі үйдің қызмет көрсетуші ұйымы болып табылады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 31 шілде айынан бастап жауапкер тұрғын үй және тұрақ орны үшін эксплуатациалық шығыстар бойынша мекеме алдында қарыздар екені анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, үй-жайлардың меншік иелерi ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Жалған құжатты пайдаланғаны үшін айыппұл

14/09/2017

Елорда тұрғыны  оқу орнына түсуге дайындалу мақсатында, анықталмаған тұлғадан жалған еңбекке уақытша жарамсыз парағын алып, жұмыс орнына берген.

Жас бойжеткен жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындады.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 25 АЕК көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ойын бизнесін ұйымдастырудың салдары

14/09/2017

2017 жылдың сәуір айында сотталушылар П. және О. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, қасақана, ойын бизнесі саласы  қызметін ұйымдастыру және ойын мекемесін басқару, заңсыз ашу ойлары туған.

Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласында ақпараттық-бағдарламалық жүйелер (ойын терминалдары) орнатқан.

Қылмыстық іс бойынша тараптар сот залында татуласты

14/09/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотында Астана қаласындағы түнгі клубтардың бірінде ұрлық жасаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сонымен, ер адам түнгі клубта бола тұра, жәбірленуші Т.-ның сөмкесінен жасырын түрде 120 000 теңге ұрлап,  ақшаны өз пайдасына пайдаланған.

Сот отырысында жәбірленуші тараптардың татуласуына байланысты, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.