Қоғамдық тәртіпті бұзушылар айыппұл төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы шілде айында Ю. елордадағы бір тұрғын үйдің ауласында Б.-мен төбелескен, сол себепті үй тұрғындары полиция қызметкерлерін шақырған.

Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері бұзақыларды тыныштандырып, бөлімшеге бару туралы ұсыныс жасаған, алайда сотталушы Ю. полиция қызметкерін балағаттаған, нәтижесінде қызмет бабындағы билік өкілін қорлаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы ҚР ҚК 378 бабының 1 тармағымен жасаған қылмыстық іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі