Архив событий

27/09/2017

Сарыарқа аудандық соты базасында мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар ұйымдастырылды

27/09/2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарыарқа аудандық сотымен аудандық және оған теңестірілген сот судьялары мен мамандарына арнап қазақ тілі курстары ұйымдастырылды.

Курсты ұйымдастырушы Астана қалалық соты болып табылады. Курстар  тілді білу деңгейін дамыту бойынша (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген топтар), сонымен бірге  сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу бағыттары бойынша Сарыарқа аудандық сотының базасында өткізіледі.

Қыз бала «Defacto» дүкенінде ұрлық жасамақ болған

27/09/2017

2017 жылы  қыркүйек айында қыз бала  «Silk Way Mega» сауда орталығындағы «Defacto» дүкенінде ұрлыққа қарсы орнатылған құрылғыларынан ажыратып, киім ұрлауға әрекеттенген, алайда дүкен күзетшілері ұстап алған.   

Басты сот талқылауында тараптар медиативті келісім жасасқан.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына және материалдық залалды өтеуіне байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Комуналдық қызмет өз тұтынушысымен татуласты

27/09/2017

«Астана-Тазарту» ЖШС Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына азамат С.-дан қатты тұрмыстық қоқыс қалдықтарын жинау қызметі бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхаттарын ұсынды, соған сәйкес, жауапкер ерікті түрде көрсетілген қызметтер үшін шартты жасауға міндеттенді.

Сот ұйғарымыен медиация тәртібінде реттеу туралы келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Экономикалық соттың қызметкері «Қазақ радиосында» тікелей эфирге қатысты

27/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Г.К.Ергеш «Қазақ радиосында» тікелей эфирде сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында Г.К.Ергеш «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары туралы айтып берді және азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

 

Сатылған тауарлар бойынша қарыз

27/09/2017

Тараптар арасында шарт жасалған, оған сәйкес жауапкер Астана қаласы аумағында газеттерді  таратуға міндеттенді.

Сонымен қатар, жауапкер ай сайын сатылмаған тауарға акт толтырып, сондай-ақ жеткізушінің шотына тауар құжаттамасы мен актілерге сәйкес сатылған тауар үшін ақша аударуға міндеттенген.

Сотта анықталғандай, бүгінгі күні жауапкер қарызды өтеу туралы хабарламаны елемеген, сатылған тауар үшін ақшаны қайтарман.

 Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты жауапкерден қарыз сомасын өндіріп алды.

Бұрынғы жұмысшыға жалақы төлейді

27/09/2017

Азамат Г. 2015 жылдан бастап «И» ЖШС-ға ағаш ұстасы-бетон жабдықтау маманы ретінде жұмысқа қабылданған.

 Жауапкер талапкердің алдында заңнамамен белгіленген міндеттемелерді бұзған, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен кәсіпорыннан талапкердің пайдасына жалақы сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.