Архив событий

11/09/2017

Медиация татуласудың балама тәсілі ретінде

11/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен медиаторлардың қатысуымен «Медиация татуласудың балама тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары және «Әділет» құқық және психология» медиация орталығының медиаторлары қатысты.

Кездесу барысында медиатор ауырлығы орташа қылмыстық істердің көпшілігі тараптардың татуласуы арқылы, медиация тәртібімен тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауаптылық

11/09/2017

 

2017 жылдың маусым айында елордалық демалыс орнының иесі  дүниеқорлық ниетімен, қолданыстағы заңнаманы бұзып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру арқылы қасақана қылмыстық іс әрекеттер жасаған.   

Өз ойын жүзеге асыру мақсатында, сотталушы өзі басқарған демалыс орнында  арнайы покер ойнайтын үстел, фишкілер, ойын карталары және тағыда басқа қажетті жабдықтар орнатқан.

«Хэмингуэй» мейрамханасында жасалған ұрлық

11/09/2017

2017 жылы 14 тамызда «Хэмингуэй» мейрамханасында  жас ер азамат   «Iphone 6S» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.

Сот отырысында  жәбірленушіден сотталушымен татуласуына байланысты медиация арқылы  қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түскен.  

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына және медиациялық келісімге келуіне байланысты іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлу бойынша даулары медиация тәртібінде шешілді

11/09/2017

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Т.-ның Ж.-ға қатысты бірлесіп жинаған мүлікті бөлісу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиативтік келісім жасады, оның талаптары бойынша талапкер жауапкерге пәтерден оған тиесілі 1\2 үлесін береді.

Жауапкер өз кезегінде талапкерге тиесілі үлес сомасын ақшалай өтемақы түрінде өтеу бойынша өзіне міндеттеме алды.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша көшпелі сот отырысы

11/09/2017

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы О.С.Шалабаевтың қарауымен «Саранда» тұрғын үй иелерінің ғимаратында  көшпелі сот отырысы өткізілді.

Көшпелі сот отырысында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты істер қарастырылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сот жауапкерді банкрот деп таныды

11/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С»  ЖШС-нің  «К» ЖШС-не қатысты «К» ЖШС-ін банкрот деп тану туралы азаматтық іс қаралды.    

«К» ЖШС-нің талабы бойынша борышкердің шамамен 31 000 000 теңге қарызы бар.

«М» ЖШС-нің балансында өкілетті тіркейтін органдардың хабарлауынша, жылжитын және жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, өзге де мүліктер жоқ.

Электронды атқару парағын электрондық жүйе арқылы жіберу тәртібі

11/09/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Электронды атқару парағын электрондық жүйесі арқылы жіберу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға соттың кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сай сот орындаушыларға сот актілерін орындауға жолдау тәртібі бойынша мәселелерді талқылады.

Сот сатып алу- сату шарты бойынша қарыз сомасын өндірді

11/09/2017

«И» ЖШС және аз.К арасында сатып алу - сату туралы келісім шарт жасалған, оған сәйкес талапкер жауапкерден гидравликалық мұнараны сатып алған.

Талапкермен көрсетілген тауарға ақы төлеу жүргізілген, ол төлем тапсырыстарымен дәлелденген.

Тараптар медиация туралы келісім жасады

11/09/2017

 Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «M» ЖШС мен «L» ЖШС-не қатысты қарызды қайтару туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар медиациялық келісім арқылы істі шешуге келісімін берді.

Азаматтық процестік кодексі 277-бабының 6-тармағына сай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келсе, не  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, онда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Жалақының кезекті төленбеуі

11/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты жұмыс берушіден жалақыны өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

24.05.2016 жыл мен 28.02.2017 жыл аралығында арызданушы мен борышкер арасында еңбер шарты жасалып, аталған шартқа сәйкес арызданушы заңгер лауазымында жұмыс жасаған. Жалақы туралы анықтамаға сәйкес, жұмысшыға жалақы аударылған, бірақ толық көлемде емес, және де міндетті зейнетақы сомасы аударылмаған.

Сот бұйрығымен борышкерден талапкердің пайдасына берешек сомасы және мемлекеттік баж өндірілді.