Архив событий

26/09/2017

Сот төрелігі секторын институционалды нығайту

26/09/2017

Дүниежүзілік банктің мемлекеттік секторының сұрақтары бойынша аға маманы Валид Малик «Сот төрелігі секторын институционалды нығайту»  жобасын іске асыру мақсатымен таныстыру үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына келді.

Мүсін үшін 3 млн. теңге қарыз

26/09/2017

Аз.С және «Туран-Профи» кәсіби академиясы» мекемесі арасында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мүсінін сатып алу - сату келісімшарты жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес, жауапкер шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ақыны төлеуге міндеттенді.

Бұдан басқа, сатып алушы келісімшарттың сомасынан кешіктірілген әрбір күн үшін 0,1% тұрақсыздық айыбын төлеуге жауапты.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты жауапкерден 3 000 000 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіріп алды.

Жиһаз дүкені сатып алушыға келтірілген шығындар сомасын өтейді

26/09/2017

Азамат Л. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына «М»  ЖШС -нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы арызбен жүгінген.

Тараптар арасында жиһаз жеткізу бойынша алдын ала төлем туралы келісім жасалған, оның талаптары бойынша жауапкер талапкерге тауарды жеткізуге міндеттенді.

Сот материалдарында сәйкес, жиһаз алу үшін жауапкерге ақша төлегені, алайда соңғысы шарт бойынша міндеттемесін орындамағаны  анықталды.

Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырып, 4 млн. теңге көлемінде қарыз сомасын өндірді.

Көшпелі сот отырысы

26/09/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.А.Садуақасова «Бес институциалды реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 30 қадамын орындау мақсатында Астана қаласы Алматы ауданы ІІД ғимаратында көшпелі сот отырысын өткізді.

Іс шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті сақтау  және қылмыстын алдын алу, қоғамдық орындарда қылмысқа қарсы күрес жүргізу болып табылады.

Сот отырыс барысында,  ӘҚБК-нің 434 бабымен ұсақ бұзақылыққа қатысты 42 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сауда компаниясы өз қызметкерінен қарыз сомасын өндіріп алды

26/09/2017

Ер адам «Г» ЖШС-не сауда агенті лауазымында еңбек қатынасында тұрған. Еңбек келісім-шартына сәйкес жауапкер сауда агенті бола отырып, компанияның өнімдеріне материалдық-жауапты тұлға болып бекітілген.

Өзінің функционалдық міндеттерін орындай отырып,  жауапкер жұмыс аралығында  жалпы сомасы 500 000 теңгеден аса соманы құрайтын тауар үшін 10 ұйымнан ақша жинаған және оларды есепшіге тапсыруға міндеттенген.

Алайда осы күнге дейін жауапкер жоғарыда көрсетілген ақшалай қаражатты қайтармаған.