Архив событий

12/09/2017

Зейнетақы төлемін аудармаған

12/09/2017

Елорда тұрғыны Алматы аудандық сотына ЖШС-ға қатысты зейнетақы төлемін өндіру туралы талап арызбен жүгінді. Талап қоюға талапкердің еңбек келісім шартына сәйкес заңгер болып қызмет атқарғаны негіз болды. Талапкер «Зейнетақы төлемдері туралы» анықтаманы алғанда, ЖШС-ның оған зейнетақы төлемін аудармағаны анықтаған.

Сот ісін жүргізу барысында жауапкерден қарсы талап арыз түскен, онда тараптар арасында еңбек келісім-шартына қол қою кезінде зейнетақы төлемдерінсіз толық жалақы алу туралы ауызша, жеке келісім жасалғандығы жазылған.

Елордалық сотқа Еуропалық Одақ Жобасының халықаралық сарапшылары келді

12/09/2017

 

Бүгін Астана қалалық сотында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру бойынша жобаның халықаралық сарапшыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы сот реформалары талқыланды.

Шатырдан құлаған қар автокөлік құралын зақымдады

12/09/2017

«Центр» ЖПК шатырының үстіндегі  уақытылы тазаланбаған қардың себебінен, талапкер О.-ның тұрақта тұрған автокөлігіне қалың мұз құлап, автокөлікті зақымдаған.

Талапкермен ұсынылған видеоға сәйкес, қар мен мұздың құлдырау траекториясы шатырдан болған. Бұл жағдай жауапкердің кінәсінен туындап отыр.

ҚР АК-ның 917 бабына сәйкес, заңсыз іс–әрекеттерімен мүліктік және мүліктік емес игіліктерге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына   зиян келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Тараптар сот залында татуласты

12/09/2017

Астаналық дәмханалардың бірінде тамақтанған ер адам ас үй тамақтары мен сусындарға шот бойынша есептесе алмаған.

Қоғамдық тамақтану орнындағы жауапкердің тапсырыс сомасы 37 770 теңгені құрады, бұл тиісті төленуге ұсынылған шотпен расталады.

Осы берешекті жауапкер қысқа мерзімде төлеуге міндеттенген, бірақ өзіне алған міндеттемені ол осы уақытқа дейін орындамаған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу

12/09/2017

2017 жылы 12 тамызда елорда тұрғыны көлік құралын жүргізу құқығынан айрылғанына қарамастан, алкогольді масаң күйде көлік құралын жүргізген.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  сотталушы ҚР ҚК  346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды және оған 150 сағатқа дейн қоғамдық жұмыс, 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен  жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сыныптастардың кездесуі қайғымен аяқталды

12/09/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіруге әрекет жасаған елорда тұрғынына қатысты үкім жарияланды.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, сыныптастарымен кездесуге келген Ж. алкогольді мас күйінде танысы С.-ны пышақпен бірнеше рет ұрған. Кафеде болған оқиғаның нәтижесінде жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Сарыарқа аудандық соты жауапкерден қарыз сомасын өндірді

12/09/2017

Тазалау жүйесін сату шарты негізінде, жауапкер талапкерден «VIVENSO» тазарту жүйесін сатып алған.

Тауарды сатып алғаннан кейін жауапкер сатып алынатын тауарға бастапқы жарна төлеген, алайда, қалған сома талапкерге осы уақытқа дейін төленген жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, міндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі семинар

12/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында судья және мамандардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Судья Т.Н.Көпбосынов өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған негізгі қағидалар мен шараларды атап өтті.

Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан  Республикасының Заңын сақтау жөнінде сот қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есірткі құралын заңсыз сату

12/09/2017

2017 жылы 31 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордалық тұрғынға қатысты үкімді жариялады.

Азамат Я. пайда көру мақсатында аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз сатқаны үшін  кінәлі деп танылды.

Сот  үкімімен Я. ҚР ҚК 296 бабының 4 бөлігімен, 28 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.