Архив событий

29/09/2017

Электронды сот төрелігі

29/09/2017

Бүгін Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қ.Қ. Альхожаев «Қазақстан» телеканалының «Таңшолпан» бағдарламасында «Электронды сот төрелігі» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы айтып өтті.

Заңгерлік көмек үшін төлем

29/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында   «Мемлекетпен кепілдірілген заңгерлік көмек көрсетуге ақы төлеуге байланысты  өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге   судьялар мен Астана қаласы Алматы ауданының адвокаттар коллегиясының адвокаттары қатысты.

Сот электр қызметі үшін қарызды өндірді

29/09/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына аз.Г-ға қатысты қарызды өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, жауапкермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Талапкердің тарапынан ұсынылған құжаттарға сәйкес, жауапкер тұтынған энергия бойынша талапкердің алдында 168 520 теңге қарыз, оның ішінде жылу энергиясы да кіреді.

Азаматтық істерді апелляциялық сатыдағы сотқа уақытылы жолдау

29/09/2017

Ағымдағы жылы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының Оқу орталығымен апелляциялық сот алқасына  азаматтық істерді рәсімдеу және жіберу туралы әдістемелік нұсқаулар әзірленді.

Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева әдістемелік нұсқаулықты түсіндіру мақсатында сот мамандарына  «Азаматтық істерді апелляциялық сатыдағы сотқа уақытылы жолдау» атты тақырыпта семинар сабағын өткізді.

Экономикалық сотта Ашық есік күні өткізілді

29/09/2017

Азаматтардың сот төрелігіне сенімін нығайту мақсатында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Ашық есік күні өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.К.Ергеш халықпен кездесу өткізіп, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары туралы айтып берді.

 

Астана қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

29/09/2017

Бүгін Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев судьялар қауымдастығына аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 22 қыркүйектегі №551 Жарлығымен Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьялық лауазымына Айбек Амангельдин және Досжан Жұмаев, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьялық лауазымына Айгүл Сайлыбаева, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялық лауазымына Нариман Бекназаров тағайындалды.