Архив событий

07/09/2017

Ащы судың зардабы

07/09/2017

2017 жылы маусым айында С. танысы Н.-ға келіп,  одан бір бөтелке арақ сатып алуын сұраған. Н.-да ішімдік алуға ақшалай қаражат болмағандықтан екеуінің арасында жанжал туындайды.

Төбелес барысында Н. танысы С.-ны пышақтаған,  соның салдарынан соңғысы қаза тапты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Н. ҚР ҚК 99 бабының 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық залалды өндіру

07/09/2017

Жүргізуші  «Мercedes» маркалы автомашинасымен келе жатып басқару жүйесін игере алмай, «Toyota»  маркалы автомашинасына соқтығысқан, нәтижесінде машинаға едәуір зақым келтірілген.

Сот отырысы барысында анықталғандай, ЖКО апатына кінәлі тұлға көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, сонымен бірге жол көлік оқиғасын жасаған  автокөліктің иесі болмай шыққан.

Астана қаласының әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 20 және 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қызмет көрсету шарты бойынша қарыз сомасын өндірді

07/09/2017

2017 жылы мамыр айында қала тұрғыны жеке кәсіпкермен шарт жасаған, сол бойынша орындаушы тұрғын үйге электромонтаждық жұмыстар жүргізуге міндеттенген.

Шарт талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші алдын ала төлем жасаған.

Алайда жеке кәсіпкер шартта келісілген жұмысты орындамаған және тапсырыс берушіге ақшалай қаражатты қайтармаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қоюды қанағаттандырып, талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сот берешек сомасын өндірді

07/09/2017

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ сотқа бұрынғы жұмыскерінен берешек сомасын өндіріп алу талабымен жүгінді.

Жұмыс атқару барысында аз.Н. компанияның материалдық-тауар құндылықтарға толық жауапты тұлға болған.

Тауарларды түгендеу барысында жалпы сомасы екі миллон теңгеге жуық тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қоюды қанағаттандырып, ұлттық компанияның пайдасына берешек сомасын өндірді.

Экономикалық сот медиациялық келісімді бекітті

07/09/2017

«М» ЖШС «Л» ЖШС-на қатысты қарызды қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында барысында тараптар медиациялық келісім арқылы істі шешуге келісімін берді.

Азаматтық процестік кодекстің 277 бабы 6 тармағына сай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келсе, не  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, онда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Электр қуаты үшін қарыз

07/09/2017

2016 жылы желтоқсанда «Астана ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС мен елорда тұрғыны арасында электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қоғамдық келісім жасалған.

Шарттың талаптарын бұза отырып, елорда тұрғынында тұтынылған электр энергиясы бойынша берешек пайда болды.

Электр жабдықтаушы ұйым тұтынушыға ауызша түрде ескерту жасаған, сондай-ақ, берешекті төлеуге белгілі бір уақытта берген.

Алайда тұтынушымен берешек төленбеген.