Судьялыққа кандидаттар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

2024 жылдың 08 ақпанында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен салық, қаржы және жер құқығы салаларындағы мамандар үшін облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос лауазымдарына (апелляциялық сот сатысы) конкурс жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысушы үміткерлер тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

Сонымен қатар, бос лауазымдарына конкурсқа қатысушылар тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алу қажет.

Осыған орай, конкурсқа қатысушы кандидаттар үшін 2024 жылдың 29 ақпан сағат 10.00-де Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және 1 наурыз сағат 17.00-де                Астана қалалық сотының жалпы отырыстары болатынын хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысушылардың кандидатураларын Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында және жалпы отырыста талқылау үшін өтініштері 2024 жылдың 23 ақпаны сағат 15.00-ге дейін қабылданады.

ЕСКЕРТУ: 2024 жылдың 23 ақпаны сағат 15.00-ге дейін тиісті өтініштерді ұсынбаған үміткерлер отырыстарға талқылауға жіберілмейтінін ескертеміз.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:      

Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады:

1) 30 жасқа толған;

2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі бар;

3) заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде 15 жыл жұмыс өтілі бар;

4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;

5) құқықтың тиісті салалары бойынша мамандануын талап ететін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болған.

Құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (үлгіге сәйкес)
  2. Қолданыстағы жеке куәліктің көшірмесі
  3. Дипломның көшірмесі арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оған қосымша туралы (Нотариалды куәландырылады)
  4. Өзекті еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттар)
  5. Белгіленген үлгідегі денсаулық туралы анықтама
  6. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар
  7. Жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы
  8. Жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/701875?lang=ru