Архив событий

13/09/2017

Медиацияның артықшылықтары

13/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты  даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны кеңінен насихаттап, көпшілікке таныстыру мақсатында «MEDIATOR KZ» заңгерлік компаниясы мен «Медиация дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторларымен дөңгелек үстел өткізді.

Бұрынғы студент білім беру гранты бойынша қарызды өтейді

13/09/2017

«Қаржы орталығы» АҚ-ы азамат Т-ға қатысты мемлекеттік білім алу несиесі бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай,  2012 жылы  Павлодар мемлекеттік педагогикалық иснтитуты мен жауапкер арасында білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған.

Республикалық бюджеттен  талапкер студент – несие алушының оқуы үшін  ЖОО-ға қаражат аударылған.

Мүлікті сатып беретін делдалдың қызмет ақысын төлемеу

13/09/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында қарыз сомасын өндіру туралы дау бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасалған. Сатып алушы пәтер сатушысымен сату-сатып алу шартын жасасқаннан кейін, делдалдың қызмет ақысын төлемеген.

Сот шешімімен М.-дан ЖШС-ның пайдасына қарыз және тұрақсыздық сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

         

Сот мердігерлік шарт бойынша қарыз сомасын өндіріп алды

13/09/2017

Талапкер мен жауапкер арасында мердігерлік келісім шарт жасалған, оған сәйкес талапкер тұрғын үйдің дәлізіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ал жауапкер орындалған жұмыстар үшін ақшалай қаражат сомасын төлеуге міндеттенген.

Сотта анықталғандай, жауапкердің өзіне алған шарт талаптары тиісті түрде орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Судья «Шалқар» радиосында сөз сөйледі

13/09/2017

 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Олжас Серикович  Шалабаев «Шалқар» радиосының  «Таңжарық!» бағдарламасында сөз сөйледі.

Радио бағдарлама барысында судья жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуына  қатысты заңнама талаптары бойынша түсініктеме берді.

Үй қызметшісі жасаған ұрлық

13/09/2017

Елордалық тазалау компанияларының бірінің үй қызметшісі тапсырыс бойынша үй жинауға барып, Жапония азаматының жеке заттарын ұрлаған.

Сот отырысы барысында тараптар медиациялық келісім ұсынды.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс тараптардың татуласуына және медиациялық келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тараптар медиативтік келісімге келді

13/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарызды өндіру туралы дау бойынша тараптар медиативті келісімге келді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сонымен бірге,  ерікті түрде орындалмаған келісім татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

 

Құрылыс материалдары үшін қарыз өндірілді

13/09/2017

«М» ЖШС және «Т» ЖШС арасында құрылыс заттарын жеткізу шарты жасалған.

Шартқа сәйкес талапкер тауарды қойды, алайда жауапкер тауар үшін төлемді толық төлемеген. Соған байланысты талапкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Тұтынылған қуат көзіне жұмсалған қарыз сомасы өндірілді

13/09/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің азамат С-дан қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Жауапкер электр қызметі үшін төлем жасау міндетінен жалтарған.

Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің жауапкерден қарыз сомасын өндіру талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.