Архив событий

05/09/2017

Сот елорда тұрғынының пәтерін тыйым салудан босатты

05/09/2017

2013 жылы ақпан айында аудандық сотымен қала тұрғынына қатысты «Сұлтан»  пәтер иелері кооперативі және тұрғын емес үй-жайлардың пайдасына қарызды өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Аталған сот бұйрығын орындау шеңберінде,  2015 жылы наурызда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс қозғаған, оның барысында борышкердің барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған.

Алайда, 2017 жылы аудандық соттың ұйғарымымен сот бұйрығы бұзылды.

Астанада үй қызметшісі пәтер иесін тонап кеткен

05/09/2017

Астана қаласында пәтер иесінің заттарына еркін қолжетімдігі бар үй қызметшісі, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауын бірнеше рет қайталауға әкеп соққан, қылмыстық ойға беріледі.

Жоспарлағанын іске асыру мақсатында, үй қызметшісі, өзінің әрекеттерін ешкімнің бақыламайтынын және өз әрекетінің әлеуметтік қауіпті сипатын біле тұра,  пәтер иесінің жеке заттарын жасырын ұрлаған.

Ұрланған заттарды үй қызметшісі өз пайдасына жұмсаған.

Әкімшілік сотының төрағасы елорда тұрғындарымен кездесу өткізді

05/09/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Уалихан Рахматуллаев «Ашық есік күні» шарасы аясында қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Уалихан Рахматуллаев, шараның тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отырғанын айтты.

Сонымен қатар, сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына толық жауап берді, сондай-ақ, сот актілеріне шағымдану тәртібін түсіндірді.

Атқарушылық жазба бойынша пилоттық жобаны іске асыру

05/09/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында атқарушылық жазба институтын дамытуды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласының әділ сот жүйесін институционалдық нығайту жобасы бойынша пилоттық соттарды қолдау жөніндегі консультант (кеңесші) А.Жаманова, Астана қаласының нотариальдық палата төрағасы Ж.Копенова, екінші деңгейлі банк өкілдері, коммунальдық және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

05/09/2017

2017 жылдың тамыз айында Ж. елорда көшелерінің бірінде «Митсубиси Паджеро» маркалы автокөлігін көріп, оны заңсыз иелену қылмыстық ниетін жүзеге асыруды көздеді.

Өзінің қылмыстық арам ойын іске асыруды ойлаған Ж., жан-жағында ешкімнің жоқтығын және бұл әрекетін ешкім байқамағанын пайдаланып, есігін ашып, заңсыз «Митсубиси Паджеро»  маркалы автокөлікті иеленген.

Ұрланған автокөлікпен келе жатып, құқық бұзушы полиция қызметкерлерімен ұсталған.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары

05/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Аслан Шыныбеков ақпараттық сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті.