Сот атқарушылық жазба бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен «Нотариустардың атқарушылық жазба пилоттық жобасын қолдану практикасын іске асыруын кеңейту туралы» Ереже бекітілді.

Аталмыш пилоттық жобаға Астана мен Алматы округтік нотариаттық палата нотариустары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының  аудандық соттары қатысады.

Халық арасында атқарушылық жазба институтын кең ауқымда қолдану және насихаттау мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева заңды тұлғалар мен ҮЕҰ өкілдеріне ақпарттық түсіндірме жұмысын өткізді.

Э.Жанабаева пилоттық жобаның артықшылықтарын түсіндіріп, атқарушылық жазбаларының негізінде жүргізілетін тәркілеу талаптардың тізбесін көрсетіп өтті.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда атқару жазбасын қолдану Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде нормативтік реттеу алды, атқару жазбасының нормалары Азаматтық процестік кодексіне, «Нотариат туралы» Заңына,  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасы әділет Министрінің Бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы ережесінде енгізілген.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі