Архив событий

16/09/2017

Елордалық сотта жалпықалалық сенбілік өткізілді

16/09/2017

Бүгін экологиялық айлық аясында Астана қаласының соттары жалпықалалық сенбілік өткізді.

Судьялар мен сот мамандары сот аумағына жататын аймақтарда тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында  сот қызметкерлерімен сот қоршаулары ретке келтіріліп, қоқыстар жиналып, шығарылды және ағаш топырақтары қопсытылып, бордюрлар әктелінді.