Архив событий

22/09/2017

Экономикалық сотта Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті

22/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан халықтарының тілдер күні қарсаңында салтанатты жиын өткізілді.

Шараға судьялар және сот мамандары қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан сот төрағасының м.а. Айгүл Жамансариева, ұлтаралық ынтымақтастықтың сақталуының бірден-бір себебі, ол ұлтаралық құрметтеушілік, барлық ұлттардың мәдении этносының дамуына ықпал ететін мемлекеттің тілдік саясаты екендігін атап өтті.

Әкімшілік сотта семинар өтті

22/09/2017

 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға сот төрағасы У.Рахматуллаев, судьялар мен сот мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты Қазақстан Республиксының Тілдерді дамыту және жүзеге асыру Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік тілді қалыптастыру аясын кеңейту болып табылады.

Әскери қызметкердің бұйрықты орындамағаны үшін жауапкершілігі

22/09/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Кайдарованың қарауымен ҚР ІІМ-нің 5573 Әскери бөлімінде, шұғыл қызметтегі әскери қызметкердің бұйрықты орындамау фактісі бойынша көшпелі сот отырысы өткізілді.

Сот отырысына әскери полиция қызметкерлері, ҚР ІІМ 5573 әскери бөлімінің басшылары мен барлық жеке құрылым сарбаздары қатысты.

Сот талқылауы барысында сарбаз М.-ның кезекші сержанттың бұйрығын орындаудан қасақана әдейі бас тартқаны анықталды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

22/09/2017

2017 жылдың қыркүйек айында үш таныс Астана қаласының «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалының тұрағында болып,  алдын ала сөз байласу арқылы  «Е» ЖШС-не тиесілі ұзындығы 50метрдей болатын мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған.

Сот отырысы барысында медиативті келісімді бекітіп, келтірілген залалдың өтелуіне және сотталушымен татуласуына байланысты, жәбірленушінің өкілі тарапынан сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түскен.

Бетон қоспасы үшін қарыз

22/09/2017

2015 жылы ақпан айында елордалық екі компания қызмет көрсету туралы шарт жасаған.

Келісім шарттың негізі ретінде бетон қоспасын бетоннасосымен беру болып табылған.

Шарт талаптарына сәйкес, қызмет төлемі ай сайын 15 банктік күн ішінде, шын мәнінде жұмыс жасалған сағаттарға сай, тараптар қол қойған қызмет көрсету туралы акті және шот-фактура негізінде төленеді.

Жеткізуші өз міндеттемелерін орындаған, бірақ  тапсырыс берушімен өзара есеп бөлісу толық көлемде аяқталмаған.

Қазақстан халықтарының Тілдер күні қылмыстық сотта атап өтілді

22/09/2017

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан халықтарының Тілдер күніне орай салтанатты шара өткізілді.

Судья Б.Қ. Ыдырысов осы күнге орай өткізілген мерекелік шаралардың өзектілігін атап өтіп, қазіргі таңда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруға барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Шара барысында қазақ халқының мақал-мәтелдері айтылып, төс қағысу, билер сотының көрсетілімдері өтті.