Астана қаласы сотының тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

"Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласының соты - Нұр-Сұлтан қаласының соты деп қайта аталды. Астана қаласының аудандық және оларға  теңестірілген соттары Нұр-Сұлтан қаласының аудандық және оларға теңестірілген соттары деп қайта аталды.

"Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының соты - Астана қаласының соты деп қайта аталды. Нұр-Сұлтан қаласының аудандық және оларға  теңестірілген соттары Астана қаласының аудандық және оларға теңестірілген соттары деп қайта аталды.

«Қазақстан Республикасының кейбір соттарын қайта ұйымдастыру, олардың атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 мамырдағы №216 Жарлығы негізінде Нұр-Сұлтан қалалық соты Астана қалалық соты болып қайта аталды.

Астана қалалық сотының құрылу тарихы біздің жас мемлекетіміздің құрылуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының бас қаласын ауыстыруға және астананың әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруіне байланысты 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қалалық соты құрылған болатын, ол салыстырмалы қысқа мерзімде өзінің бірегей тарихын қалыптастырып үлгерді.

Райымбаев Сансызбек Ильясұлы Астана қалалық сотының бірінші төрағасы болып тағайындалды.

Айсин Тілектес Сейпіұлы 2001 жылдан бастап Астаналық соттың төрағасы болып тағайындалды.

Жақышев Сайлаубек Әбілдаұлы 2006 жылдан бастап Астана қаласы сотының төрағасы болып тағайындалды.

Абдолла Сәкен 2011 жылдан бастап Астана қаласы сотының төрағасы болып тағайындалды. 

Бәрпібаев Тлектес Ешейұлы 2013 жылдан бастап Астана қаласы сотының төрағасы болып тағайындалды. 

ҚР Президентінің  2022 жылғы 11 шілдедегі  Жарлығымен  елордалық соттың төрағасы болып  Жұмағұлов Ақан Маратұлы тағайындалды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 11 шілдедегі Жарлығына сәйкес, елорда аумағындағы астананың бірінші аудандық  соттары ретінде  Алматы және Сарыарқа соттары танылды.

Астананың бірінші соттарын қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуге қайта құрылғаннан және мамандандыруға бөлгеннен кейін Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты және Сарыарқаның №2 аудандық соты құрылған болатын.

Мемлекет пен елорданың, сондай-ақ сот жүйесінің дамуымен аудандық соттармен қатар 2009 жылы жаңа соттар: Есіл аудандық соты және Есіл ауданының №2 аудандық соты құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты,  Байқоңыр ауданының №2 соты құрылды. 

Қазіргі уақытта Астана қаласында 14 аудандық сот, оның ішінде төрт азаматтық және төрт қылмыстық істерді қарайтын соттар, бес мамандандырылған соттар құрылды – олар  экономикалық, әкімшілік, ювеналдық, тергеу және ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот, сондай-ақ облыстық соттың мәртебесіне теңестірілген Астана қаласының соты құрылды.

Астана қаласының сот құрамында 198 судья  бар, оның 45-сі Астана қаласының сотында қызмет атқарады, ал қалған 153-і аудандық соттарда сот төрелігін жүзеге асыруда.

Одан басқа, елордалық соттың тыныс-тіршілігіне Астана қаласы бойынша «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы белсенді қатысады және маңызды рөл атқарады.