Архив событий

08/09/2017

Сақтандыру туралы заңнаманы қолдану арқылы дауларды шешудің сот практикасы

08/09/2017

Бүгін Астана қалалық сотында қалалық және аудандық соттардың судьялары, сақтандыру және бағалау компания өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судьялар азаматтық істерді қарауда сақтандыру туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасын талқылады.

Алматы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану туралы азаматтық істерді қарау бойынша сот практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Астана қаласы Әділет департаменті, Алматы аудандық Әкімдігінің өкілдері қатысты.

Қызметкер жалған еңбекке уақытша жарамсыз парағын пайдаланған

08/09/2017

Елорда тұрғыны жолдама бойынша отбасымен Түркия еліне демалуға кету мақсатында, анықталмаған тұлғадан жалған еңбекке уақытша жарамсыз парағын алып, жұмыс орнына берген.

Ер адам жасаған қылмыстық әрекетін толық мойындады.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы К. ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшеріндегі айыппұл жазасы тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жәбірленушілер ұрыға кешірім берді

08/09/2017

Жұмыссыз ер адам, материалдық баю мақсатында, тұрғын үйге, қызметтік және өндірістік жайларға заңсыз кіру арқылы бірнеше мәрте ұрлық жасаған.

Жәбірленушілер сот отырысында сотталушымен жасалған залалдың орны онымен өтелгенін және медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен іс медиация тәртібімен сотталушының жәбірленушілермен татуласуына байланысты қысқартылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Есірткі заттарын заңсыз сақтау

08/09/2017

2017 жылы 27 маусымда «Сайран» бекетінде «BMW-520» маркалы автокөлігін және құжаттарын тексеру барысында жолаушы Н.-дан 25,7671 грамм «гашиш» есірткі заты табылған.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігімен сотталушы Н. кінәлі деп танылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.