Архив событий

04/09/2017

Сот оңалту рәсімін қолданды

04/09/2017

2013 жылдан бері «Мигалит» ЖШС-і Астана қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Аталған уақыт аралығында серікткстік келісім міндеттемелерін орындау аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген,  салық төлеген, сондай-ақ 400 адамды жұмыспен қамтыған.

Алайда қазіргі уақытта «Мигалит» ЖШС-і өзінің міндеттемелері бойынша төлем жүргізе алмайды және қаржы-экономикалық жағдайы қанағаттанарлық емес.

Астананың комуналдық қызметі өз тұтынушысымен татуласты

04/09/2017

Елорда  тұрғыны сотқа «Астана-Тазарту» ЖШС-не қатысты қатты тұрмыстық қоқыс қалдықтарын жинау қызметі бойынша аударылған соманы есептеуді, қайта есептеу міндетін жүктеу және төленген сомасы есептеу туралы арызымен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхаттарын ұсынды.

Медиация тәртібімен тараптар келісімге келіп, жауапкер талапкердің қайта есептеу, төленген сомасы есептеу туралы талаптарын орындап, мекен-жайда тұратындар бойынша түзетулер енгізді.

Сот емделушіге қарызын төлеуге міндеттеді

04/09/2017

2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің №1 перинаталды орталығы және қала тұрғыны арасында ақылы медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасалған.

Емделуші медицина орталығында емдеу және бақылау шараларын өткізген.

Алайда әйел адам келісім шарт талаптарына сәйкес, ұсынылған қызмет үшін ақы төлемеген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен емделушіден Перинаталды орталықтың пайдасына көрсетілген медициналық қызметтердің сомасы өндірілді.

Сот жалақы бойынша қарызды өндірді

04/09/2017

Елордалық компаниялардың бірінің бұрынғы қызметкері сотқа жұмыскеріне қатысты жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Сотпен анықталғандай, жұмыс беруші кәсіпорында жұмыс атқарған талапкерге жалақыны төлемей келген.

Әйел адам есірткіні заңсыз сатып алуға жәрдемдескені үшін сотталды

04/09/2017

2017 жылдың қаңтар айында С. қала көшелерінің бірінде, есірткі құралдарын заңсыз сатуға  көмектесу үшін бұрын жасалған келісім бойынша К.-мен және шарттасқан сатып алушы М.-мен кездеседі.

Сосын С. шарттасқан сатып алушыдан 8 000 теңге алып, К.-ға 1,5490 грамм героин берген.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С. ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігі 28 баптың 5 бөлігімен, 296 баптың 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әкімшілік соттың судьясы көшпелі сот отырысын өткізді

04/09/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы Ұлдана Сүлейменова  Құрылыс-техникалық колледжінің ғимаратында көшпелі сот отырысын өткізді.

Көшпелі сот отырысы қоғамдық тәртіпті сақтау  және қылмыстың алдын алу, қоғамдық орындарда, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастарда қылмысқа қарсы күрес жүргізу мақсатында өткізілді.

Сот отырысы барысында судьямен 39 әкімшілік іс қаралды.        

 

Электронды санкциялау

04/09/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Электронды санкциялау» пилоттық жобасы өз жұмысын бастады.

Пилоттық жобаны іске асыру қылмыстық процестердің сапасын көтеру мен жеңілдетуге бағытталған.

Бұл жаңашылдық  құжаттарды қарау уақытын қысқартып, оның нәтижесін білуге кететін уақытты барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні  Алматы ауданының №2 аудандық сотына  жоба шеңберінде  электронды түрде  11 санкциялау туралы материалдар келіп түсті.

Қала тұрғындары электрондық сандық қолтаңбаны соттарда ала алады

04/09/2017

Сот жүйесінде заманауи технологияларды қолдану сот өндірісін жеңілдетеді.

Электронды сот өндірісін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету  Департаменті, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ арасында соттарда азаматтарға электрондық сандық қолтаңба беру жөніндегі пилоттық жобаны ұйымдастыру туралы бірлескен бұйрық қабылданды.

Тіс дәрігері сапасыз пломбы үшін моральдық зиян төлемін өтейді

04/09/2017

Әйел адам тістерін пломбылау мақсатында ақысын төлеп, медициналық көмек көрсетуге жүгінген.

Медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін оның денсаулығы күрт нашарлаған. Сапасыз емдеу салдарынан талапкердің тістері ауырып, сезімталдығы артқан,  сонымен қатар, эстетикалық түрі қанағаттанарлықсыз болған.

Тіс дәрігері төрт ай бойы ақысыз өз жұмысын қайта жасаған,  алайда барлық әрекеттері нәтижесіз болды.

Сотта анықталғандай, жауапкер тыйым салынған күшән ерітіндісін қолданған.