Күзет фирмасы бұрынғы қызметкеріне қарыз сомасын өтейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

2015 жылы ер адам күзет агенттігіне жұмысқа қабылданған, ол еңбек шартымен дәлелденді.

Сот отырысында күзет агенттігі 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың сәуір айына дейін бұрынғы қызметкерге жалақы төлемеген, соған байланысты агенттік алдында қарыз пайда болды.

ҚР Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 бөлігінің 5 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен басқа да төлемдерді уақытылы және толық көлемде төлеуге міндетті.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты  талап арызды қанағаттандырып, жұмысшының пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі