Ер адам автокөлікті ұрлап, жол көлік оқиғасын жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы маусымда М. елорда көшелерінің бірінде «С» ЖШС-на тиесілі «КIА TOPIC» маркалы автокөлігін көреді.

М. қасындағы Р.-ға өзінің қылмыстық ниеті туралы хабардар етпестен, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жолаушы жақтағы сәл ашық тұрған терезеден қолын тығып, есікті ашқан. Есікті ашқан ол өзінің мас екенін алға тартып,  Р.-ға рөлге отыруын сұраған.

 Жағдайды толық түсінбеген Р. көліктің рөліне отырып, көлікті сымдарды жалғау арқылы жүргізбек болған, бірақ ол әрекеті іске аспады.

Автокөлік ішінде м. және Р. спирттік ішімдік ішіп, өзге адамдарға көлікті итеріп жіберулерін өтінген.

Ұрланған машинамен М. және Р. басқа көлікпен соқтығысқан, сосын оқиға болған жерден бой тасалаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы М. кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі