Сот үй жануарларын тиісінше ұстамаған иттің иесінен келтірілген залал сомасын өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елорда тұрғыны сотқа иттің иесіне қатысты қатысты үй жануарларын тиісінше ұстамағанға байланысты келтірілген шығынды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

2017 жылы маусым айында елорда тұрғыны көршісінің иті олардың ауласына кіріп,  құстардың жартысынан көбісін тістеп тастағанын анықтады.

Оқиғадан кейін иттің иесі залалды қайтару туралы қолхат жазған, ал ит болса МКК «Ветсервис» ШЖҚ-на одан әрі ұстау үшін берілді.

Алайда жауапкер бүгінгі күнге дейін келтірген залалды төлеуден бас тартуда.

Азаматтық кодекске сәйкес заңсыз іс–әрекеттерімен мүліктік және мүліктік емес игіліктерге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына   зиян келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қоюды қанағаттандырып, тұрғынның пайдасына залал сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі