Әкімшілік сотта сот қаулысын қайта қарау мәселелері бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  заңды күшіне енген (ӘҚБтК 47 тарауы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шешімдерді қайта қарау мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысы сот төрағасы У.Рахматуллаев, қалалық соттың судьялары К.Ақтайлақов, М.Омарбекова, сонымен бірге әкімшілік соттың судьялары қатысты.

Семинарға қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы, шағымдардың, апелляциялардың, прокурордың қайта ашылған мән-жайларға наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ, ӘҚБтК 852, 853 баптарын қолдану туралы мәселелерді талқылады.

Семинар барысында судья Б.Ахметқалиев ағымдағы жылдың ӘҚБтК 47 тарауы бойынша қаралған әкімшілік істерді 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстыра отырып, статистикалық деректерді жариялады.

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі