Сот тұрмыстық қалдықты шығару қызметі бойынша қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Астана-Тазарту» ЖШС  жария шарты негізінде жауапкер К.-ға қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қызметін ұсынған.

Шарт талаптарына сәйкес, орындаушы тапсырыс берушінің ортақ пайдаланатын контейнерлік алаңдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарған.

Келісім-шартқа сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарға ақыны төлеу айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемеген.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден қарыз сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі