«Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотында «Электронды қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, ҚР ІІМ Кылмыстық атқару жүйесі Комитетінің өкілдері және Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы қатысты.

Судья Н.Баяхметов ақпарат қызметі қылмыстық процестің сапасын жақсартуға және заң бұзушылықты болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен бірге, кездесу қатысушыларымен «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасымен жұмыс істеу барысында қандай мәселелер туындайтыны және  оның шешу жолдары қарастырылды.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі