Астана қаласының соттарында жалпықалалық сенбілік өтті
Бүгін қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту аясында Астана қаласының соттарында жалпықалалық сенбілік өтті.
Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Судьялар мен сот мамандары соттардың іргелес аумағын тазалауға белсене қатысты.
Іс-шара аясында сот қызметкерлері қоқыстарды жинап, оны шығарды, ағаштардың жанынан жер жыртып, шекараларын ақтады.