Бұрынғы студент білім беру гранты бойынша қарызды өтейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қаржы орталығы» АҚ-ы азамат Т-ға қатысты мемлекеттік білім алу несиесі бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай,  2012 жылы  Павлодар мемлекеттік педагогикалық иснтитуты мен жауапкер арасында білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған.

Республикалық бюджеттен  талапкер студент – несие алушының оқуы үшін  ЖОО-ға қаражат аударылған.

Сотта анықталғандай, несие алушы ЖОО-ны аяқтағаннан кейін республикалық бюджетке несиені өтеу міндеттелген, алайда  несиені қайтару бойынша міндеттеме орындалмаған.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен студенттен мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз соммасын талапкерге  өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі