Архив событий

27/06/2017

Елордалық сот тілшілерді Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады

27/06/2017

Қазақстан тілшілерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қалалық соты бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін құттықтады. 

Салтанатты жиынға Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.К. Кенжеғарин, «Астана қаласы соттар әкімшілігі» РМК-ның басшысы Р.О. Тауымбеков, БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші-судьяның м.а. К.Т.Айтқалиева және Астана қаласы бойынша судьялар Одағының төрағасының м.а. А.С.Жүкенов қатысты.

Қазақ тілінің қазіргі дәрежесі

27/06/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында «Қазақ тілінің қазіргі дәрежесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, сот мамандары, медиаторлар және «Тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

«Тіл шебері - 2017» конкурсының жеңімпазы анықталды

27/06/2017

Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасымен жас мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тіл шебері - 2017» атты қалалық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау,  іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Байқауға 21 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысты.

Байқау үш турдан тұрды:

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді

27/06/2017

Сарыарқа аудандық сотында «Көктем» ТК тұтынушылардың құқығын қорғау» ҚБ өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық-имидждік қызмет жүйесін және оның мобильдік қосымшасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында соттың кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева осы жүйені қолдану тәртібін түсіндірді.

Сот шетелдікті елден шығарды

27/06/2017

2017 жылы 7 маусымда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қырғызстан Республикасының азаматы И.-ға қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған.

Сот жауапкерді оқу үшін қарызын төлеуге міндеттеді

27/06/2017

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мен аз. Б., арасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы аясында әлеуметтік келісімшарт жасалды.

 Аталған шартқа сәйкес, азаматша «А» ЖШС-да «есепші» мамандығын игеру бойынша кәсіпті қайта даярлаудан өту керек болған.

Сотта анықталғандай, аз.Б. оқудан дәлелді себептерсіз қалуына байланысты шығарылған.

Пәтерге шудың әсерін бәсеңдетуді орнату жұмыстары бойынша дау медиация тәртібімен реттелді

27/06/2017

Талапкер тұратын пәтерден бір қабат төмен техникалық үй-жай орналасқан, онда тұрғын үй үшін суық су айдайтын үздіксіз жұмыс істейтін сорғы қондырғылары орнатылған.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама Орталығының қызметкерлері шу деңгейі шекті нормалардан асып кеткенін анықтады.

Көрсетілген қызмет үшін төлеу қажет

27/06/2017

«М» ЖШС және жауапкер арасында тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасалған.

 Шартқа сәйкес, талапкер өзіне ішкі жалпы үйлік инженерлік желілерге қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді алған, ал жауапкер осы үшін ақы төлеуге міндеттенген.

Сотта жауапкердің шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны  анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден көрсетілген қызметтер үшін қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.