Сот шетелдікті елден шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 7 маусымда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қырғызстан Республикасының азаматы И.-ға қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған.

Сотта анықталғандай, сотталушы өзіне қатысты шыққан Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға қабылданған шешімді орындамаған, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты И.-ды ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша кінәлі деп танып, аталған бап бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару арқылы 25 АЕК айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі