Елордалық сот тілшілерді Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан тілшілерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қалалық соты бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін құттықтады. 

Салтанатты жиынға Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.К. Кенжеғарин, «Астана қаласы соттар әкімшілігі» РМК-ның басшысы Р.О. Тауымбеков, БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші-судьяның м.а. К.Т.Айтқалиева және Астана қаласы бойынша судьялар Одағының төрағасының м.а. А.С.Жүкенов қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған А.К. Кенжеғарин құттықтау сөз сөйлеп, тілшілердің сот жүйесі жұмысын жариялаудағы орасан зор еңбегін атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәсіби репортаждары мен елордалық соттардың жұмысына авторлық көзқарастары үшін алғысын білдірді. 

«Бүгін мен сіздердің риясыз еңбектеріңізге, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне және адамдардың мұқтаждықтарына деген сергек назарларыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін. Шын жүректен сіздерге шабыт, үздіксіз шығармашылық ізденістер, жаңа идеяларыңыз бен жобаларыңыздың табысты іске асуын тілеймін. Сіздерге, сіздердің жақындарыңызға бақыт пен амандық тілеймін!», - деп құттықтады судья К.Т.Айтқалиева.

Салтанатты шараның соңында журналистер мен мамандарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі