Архив событий

08/06/2017

Сарыарқа аудандық соты меншік иесінің құқығын қорғады

08/06/2017

2012 жылы талапкердің анасы бас ми ауруы салдарынан психо-неврологиялық диспансерде көз жұмған.

Анасы қайтыс болған сәтте талапкер бас бостандығынан айыру мекемесінде болған, сонымен қатар ол меншіктін жалғыз мұрагері болып табылады. Алайда, жазаны өтегеннен кейін талапкер анасына тиесілі барлық мүлік сатылып кеткенін білген.

Сотта анықталғандай, талапкердің анасы медициналық мекемеде жұмыс атқаратын әлеуметтік қызметкердің атына өсиетнама ресімдеп, басты сенімхат жазып берген.

«Rixos Khan Shatyr» ТЖ автотұрағынан автокөлікті айдап кеткені және ұрлағаны үшін сотталды

08/06/2017

2017 жылы 6 ақпанда К. азамат Л.-мен алдын ала сөз байланысу арқылы «Rixos Khan Shatyr» ТЖ-ның автотұрағында тұрған астаналық бір АҚ мекемесінің филиалына тиесілі «Toyota Lаnd Cruiser 200» маркалы автокөлігін заңсыз айдап кетіп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

         Сотталушыларға автокөлікті айдап кетуге мекеменің бұрынғы жүргізушісі Н. көмектескен, ол кілттің қайталамасын берген.

Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен АҚ-ға аса үлкен мөлшерде яғни 12 274 769 теңге материалдық шығын келтірген. 

Сотпен жалдау шарты бұзылды

08/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қ» ЖШС-нің «Ш» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу мен шартты бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

 2016 жылы тараптардың арасында көлік құралын жалдау шарты жасалған, қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес көлік құралдары жауапкерге берілді, алайда жалдау ақысының төленбегендігіне байланысты олар алынды.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сатып алушыдан қарыз сомасын өндірді

08/06/2017

«М» ЖШС мен «Т» ЖШС арасында шарт жасалған, оған сәйкес талапкер құрылыс материалдарын жеткізуге міндеттенсе, сатып алушы тауарды қабылдап, оның төлемін төлеуге міндеттенген.

Есепті өзара салыстыру актісіне сәйкес жауапкердің талапкер алдындағы қарыз сомасы 5 740 532,39 теңгені құраған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен сатып алушыдан жеткізушінің пайдасына қарыз сомасы өндіріп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.