Архив событий

13/06/2017

Бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлаған

13/06/2017

2017 жылдың басында елорданың үш тұрғыны «Ю» гаражды кооперативінде бірнеше рет, 13 жәбірленушіге тиесілі болған, басқаның мүлкін ұрлаған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Б., А. және Т. ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігінің 1,2 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу арқылы, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сотпен сотталушыларға қатысты бақылау сынағы орнатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

13/06/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот мамандары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. БҰҰ-ның ратификацияланған Конвенциясы шеңберіндегі Қазақстан» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Есірткі заттарын сақтаудың салдары

13/06/2017

20 мамыр 2017 жылы «Сайран» бекетінде LEXUS маркалы автокөлігін тексеру барысында У.-дан салмағы 1,0329 г. марихуана есірткі заты табылған.

Басты сот талқылауында У. жасаған қылмыстық әрекеті бойынша кінәсін мойындап, есірткі затын заңсыз алғаны және сату мақсатынсыз сақтағаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен У. ҚР ҚК 296 бабының 2 бөлігімен қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.  

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары

13/06/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.И.Аширбеков ҚазҰЗУ-нің студенттеріне «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық    құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы» тақырыбында  дәріс өткізді.

Дәріс барысында судья ақпараттық сервистің мүмкіншіліктері, сотқа аппеляциялық арыздарды беру және электронды түрде құжаттарды беру тәртібі жайында баяндап берді.

Сот келісім-шарт бойынша қарыз сомасын өндірді

13/06/2017

2013 жылы тараптар арасында жер телімін сатып алу–сату шарты жасалған, оның шарттары бойынша талапкер жауапкерден құрылыс тұрғын массивін салу мақсатында 1500000 теңге сомасын құрайтын жер телімін сатып алған.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының шешімімен жауапкердің талабы бойынша аталған келісім-шарт жарамсыз деп танылды.

Төлем фактісі бойынша шарт тараптармен дауланбаған және сот талқылауы барысында анық белгіленген, бұл сот актілерімен расталады.

Өтелмелi қызмет көрсету шартынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі

13/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Өтелмелi қызмет көрсету шартынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және адвокаттар қатысты.

Сот жауапкерді білім алу несиесі бойынша борышты төлеуге міндеттеді

13/06/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Қаржы орталығы» АҚ-ның  азамат К.-ден білім несиесі бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, бекітілген үшжақты келісімге сәйкес, талапкер студент-заем алушыны оқытуға арналған қаржыны ЖОО-ға аударған.

ЖОО-ны аяқтаған жауапкер оқуына кеткен шығындарды төлеу бойынша өз міндеттерін орындамаған.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

13/06/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен сот мамандары, экономика ғылымдарының докторы, ҚР дипломатиялық қызметтің еңбек сіңірген қызметкері, Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы Батыршаұлы Сайлау қатысты.

Сайлау Батыршаұлы мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен заманауи қоғамдағы рөлін айтып өтті.

Жеңгетайлық үшін жаза

13/06/2017

2017 жылы 12 мамырда Ю. ескі теміржол вокзалында болып, жеңгетайлық жасаған, соның нәтижесінде соңғысы көрсеткен қызметі үшін ақшалай қаражат алған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ю. ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігімен жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.         

Сот экс-жұмысшының еңбек өтілін анықтады

13/06/2017

Істің мәні бойынша, арыз беруші еңбек кітапшасының жоғалғаның алға тартып, соттан 1982 жылдың сәуір айынан бастап 1992 жылдың маусым аралығындағы еңбек өтілін анықтауды сұрады.

Сот отырысы барысында анықталғандай, іс жүзінде көрсетілген мерзімде аз.В Целиноград қаласының техникалық түгендеу бюросында техник – түгендеуші ретінде жұмыс жасаған..

Сот арыз берушімен ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, куәлардың жауаптарын тыңдап, арыз берушінің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік

13/06/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотының мамандары үшін «Қазақстандағы тіл саясаты» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Дәрістің модераторы  судья Ж.Б.Рамазанова өз баяндамасында, мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді дамытуды қоғам бірлігінің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі ретінде белгілеп бергенін тілге тиек етті.

Заттай дәлелдемелерді сақтау тәртібі

13/06/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында бас маман Н.Т.Асановпен «Заттай дәлелдемелерді сақтау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы барысында Н.Т.Асанов қатысушыларға заттай дәлелдемелерді сақтау тәртібі туралы түсіндірді.

«Айыпталушылардың киімі,сағаты, ақшасы және басқа да нысандар, белгіленген тәртіппен танылған емес болса, сотпен қабылданбайды»,- деп атап өтті бас маман.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты.