Архив событий

12/06/2017

Жауапкер су басу салдарынан келтірілген залалды өтейді

12/06/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «В» ЖШС-нің аз.Е.-ге қатысты тұрғын үй емес мүлікті су басу салдарынан келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жалғаушы құбыршегінің бұзылу салдарынан талапкерге тиесілі «Мир Паркета» сауда салонын су басқан.

Сот шешімімен талап қою арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Экс-медицина қызметкері залал соммасын төлейді

12/06/2017

Азаматша Т.  ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-ға шаруашылық бикесі болып жұмыс атқарған, оған материалдық жауапкершілік жүктелген.

Мүлікті түгендеу барысында 589 000 теңге көлеміндегі тауарлық-материалдық құндылықтың жетіспеушілігі анықталды.

Жауапкер өз еркімен залалдың орнын толтырмаған.Соған сәйкес жұмыс беруші Астана қаласы Есіл аудандық сотына келтірілген залал соммасын өндіру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық істерді қарастыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер

12/06/2017

Меншік құқығын қорғау заңмен көзделген бірқатар тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі ретінде мүлікті тыйым салудан

босату туралы талап болып келеді.

Сот бұйрығын орындамағаны үшін жауаптылық

12/06/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен  ҚР ӘҚБК-нің 669 бабы бойынша азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ж. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кәмелеттік жасқа толмаған  баланы асырап бағуға алимент өндіру туралы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Құқық бұзушыда 1 450 321 теңге қарыз сомасы пайда болған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алынды.

Жеңгетайлық үшін әкімшілік айыппұл

12/06/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматша М.-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 450 бабы 1-ші бөлігі бойынша  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен М. қыздарға жезөкшілікпен айналысу үшін пәтер ұсынғаны анықталды.

Сот қаулысымен М.  әкімшілік жауапкерлікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.