Архив событий

26/06/2017

Заңсыз жұмыстан босатылған мұғалім лауазымына қайта оралды

26/06/2017

         Талапкер елордадағы орта мектептің бірінде химия пәнінің мұғалімі және лаборант болып жұмыс істеген.

         2017 жылдың басында мұғалімді әрі қарай осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын жат қылығы үшін жұмыстан шығарылған, алайда Астана қаласы Білім басқармасының коммиссиялық тексерісі талапкер тарапынан қандай да бір қателікті бұзу бойынша фактілерді анықтамаған.

         Сонымен бірге, мектеп өкілдері өз қызметкерінің жат мінезін растайтын сенімді дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Сот электр қызметі үшін қарызды өндірді

26/06/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына аз.М-ға қатысты қарызды өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, жауапкермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Жауапкер электр қызметі үшін төлем жасау міндетінен жалтарған.

Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің жауапкерден қарыз сомасын өндіру талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сот қарыз сомасын өндірді

26/06/2017

Талапкер мен кәсіпорын арасында 29.952 текше метр көлемінде кеуек бетоннан жасалған блоктар өнімін жеткізу бойынша келісім-шарт жасалған.

Жасалған шартқа сәйкес жауапкермен тауарларды жеткізу бойынша талаптар орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен кәсіпорыннан тауарды жеткізу бойынша қарыз сомасын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.