Архив событий

31/05/2017

Сот кінәлі жүргізушіден материалдық залалды өндіріп алды

31/05/2017

2015 жылы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы жүргізушісі, автокөлік құралын жүргізе отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған,  соның нәтижесінде зардап шеккендерге дене жарақаттары және айтарлықтай материалдық залал келтірген.

Алматы аудандық сотының шешімімен зардап шеккендердің пайдасына келтірілген мүліктік, сондай-ақ моральдық зиян үшін 3 000 000 жуық теңге өндірілген.

Қылмыстық сот ісіне қатысушылардың жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетінің бұзылмауын сақтау

31/05/2017

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық сот ісіне қатысушылардың жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетінің бұзылмауын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар мен мамандар, Астана қалалық прокуратурасының, Астана қаласының ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

Сарыарқа аудандық соты жұмыскердің құқығын қорғады

31/05/2017

Талапкер «Н» ЖШС-на қатысты берешекті өндіріп алу туралы арызымен сотқа жүгінді, өз талаптарында ол жауапкердің 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін жалақы бойынша аударымдар жүргізбегендігін алға тартады.

Сотта анықталғандай, ер адам ЖШС-да бас инженер қызметінде еңбек қатынасында тұрған.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге дер кезінде және толық мөлшерде жалақыны төлеуге міндетті.