Архив событий

20/06/2017

Халықаралық түрме реформасының (PRI) өкілдері ювеналды сотқа келді

20/06/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының өкілдігінің қолдауымен Халықаралық түрме реформасының өкілдерімен кездесу өтті.

Жауапкер эксплуатациалық шығындар бойынша қарыз сомасын өтейді

20/06/2017

«С» өндірістік кооперативі  жауапкер тұратын көп пәтерлі үйдің қызмет көрсетуші ұйымы болып табылады.

Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылдың қаңтар айынан 2017жылдың қаңтар айы аралығында жауапкер эксплуатациалық шығыстар бойынша «С» ӨК алдында қарыздар екені анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, үй-жайлардың меншік иелерi ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Оқуға арналған қарызды қайтарды

20/06/2017

«Қаржы орталығы» АҚ-ы азамат Р-ға қатысты мемлекеттік білім алу несиесі бойынша қарыз бен тұрақсыздық өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотпен анықталғандай, бекітілген үшжақты келісімге сәйкес, талапкер студент-заем алушыны оқытуға арналған қаржыны ЖОО-ға аударған.

ЖОО-ны аяқтаған жауапкер оқуына кеткен шығындарды төлеу бойынша өз міндеттерін орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Қаржы орталығы» АҚ-ның пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Өткізілген банкет үшін төлеу керек....

20/06/2017

2015 жылы 27 қарашада «О» ЖШС мен азамат И. арасында  салтанатты қонақасын өткізу бойынша шарт жасалған.

Шарт бойынша ЖШС жоспарланған салтанатты шараны өткізген, алайда И. өзіне жүктелген міндеттемені өз еркімен орындамаған.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен И.-дан «О» ЖШС-ның пайдасына 400 мың теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.  

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жаза

20/06/2017

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған Т.-ның анасына қатысты ӘҚБтК-нің 435 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

2017 жылы 21 сәуірде Т. достарымен бірге жұмыртқа лақтырып, ұн шашқан, осылай қоғамдық орынды ластаған.

Сот ұйғарымымен кәмелетке толмаған Т.-ның заңды өкіліне 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Елордалық қонақ үйден велосипед ұрланды

20/06/2017

2017 жылы 16 мамырда Б. «А» қонақ үйінің қасында бола тұра, «Battle» маркалы велосипедін жасырын ұрлаған.

Жәбірленуші Т.-ға 120 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірілді.

Сотта жәбірленуші Б.-ның келтірілген залалдың орнын толық өндіргенін айтты.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Б.-ға қатысты іс медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот жөндеу жұмыстары үшін алдын ала төлем сомасын өндірді

20/06/2017

Қолхат негізінде жауапкер талапкерден пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша алдын ала төлем алған.

Сотта анықталғандай, жауапкермен тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, соның салдарынан онымен келісім-шарт бойынша мідеттемелер орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден 200 000 теңге көлемінде алдын ала төлем сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Шетелдік азамат елден қуылды

20/06/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының азаматын шығарып жіберу туралы шешім қабылданды.

Алайда, Ы.өзіне қатысты қабылданған шешімді орындамаған, және 2017 жылы 7 маусымда полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ы. ҚР ҚК 393 бабымен кінәлі деп танылып және аталған бап бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару арқылы 25 АЕК айыппұл салынды.