Архив событий

16/06/2017

Елордалық сот жаңа судьялармен танысты

16/06/2017

Елордалық сотта Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Рубеж бекетінде мас күйдегі жүргізуші ұсталды

16/06/2017

2017 жылы 12 мамырда көлік басқару құқығынан айрылған И., «Нуртас» рубеж бекетінде «Ауди 80» маркалы автокөлік құралын жеңіл түрдегі алкогольдік масаң күйде басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен И. ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ювеналды соттың судьясы «Пендеміз ғой» бағдарламасына қатысты

16/06/2017

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.К.Алпысбаева «Әке тәрбиесі» атты тақырыпта өткен «Пендеміз ғой» бағдарламасына қатысты.

Судья көрермендерге ата-аналардың балаға, не оның денсаулығына қауіп келтірген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны жөнінде және ата-ана құқықтарынан айыру негіздері мен салдарлары туралы ақпарат берді.

Сарыарқа аудандық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

16/06/2017

Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру және «Сот кабинеті» жүйесін пайдаланушылардың санын арттыру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева «Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық ұйымының өкілдеріне түсіндірме жұмысын өткізді.

Өкілдерге арыздарды, шағымдарды, өтініштерді  «Сот кабинеті»  арқылы жолдау, қажетті сот актілерін басып алу, "Талдау" форумына өту  тәртібі түсіндірілді.

Қоғамдық автобуста жасалған ұрлық

16/06/2017

2016 жылы 8 желтоқсанда А. №2 бағыттағы автобус салонында Т.-ның сөмкесінен ақшалай қаражаты бар әмиянды жымқырған, осылай материалды зиян келтірген.

А. жәбірленуші Ж.-ға келтірілген материалды зиянның орнын толтырған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігімен А.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот тапсырмасы

16/06/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Сот тапсырмасы, соның ішінде шет мемлекеттің» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Татуластыру рәсімдері азаматтық процесте

16/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Татуластыру рәсімдері азаматтық процесте және оларды іске асырудағы соттың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судья А.Каримова, Б.Сатбаев, С.Кабидолдина, сонымен бірге «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің медиаторлары қатысты.