Пәтерге шудың әсерін бәсеңдетуді орнату жұмыстары бойынша дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер тұратын пәтерден бір қабат төмен техникалық үй-жай орналасқан, онда тұрғын үй үшін суық су айдайтын үздіксіз жұмыс істейтін сорғы қондырғылары орнатылған.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама Орталығының қызметкерлері шу деңгейі шекті нормалардан асып кеткенін анықтады.

Талапкер пәтерге шудың әсерін бәсеңдетуді орнату бойынша жұмыстар жүргізген, бірақ жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін бермеді, керісінше, пәтерде вибрациялық шу асқынып кетті. Осыған сәйкес, талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына  жауапкерлерден көрсетілген қызмет үшін төленген соманы және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта тараптар медиативті келісім жасады, оған сәйкес  жауапкерлер қосымша шудың әсерін бәсеңдету жұмыстарын жүргізуге міндеттенді, ал талапкер қойылған талап арыздан бас тартты. 

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі