Архив событий

22/06/2017

Астана қалалық соты шетелдік қонақтарды сот жүйесіне енгізілген технологиялармен таныстырды

22/06/2017

         Бүгін елордалық сотқа Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

         Сот жұмысын ұйымдастыруды зерделеу шеңберінде шетелдік қонақтарға заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетілді.

Көліктегі электр желісінің тұйықталу салдары

22/06/2017

Жауапкерге тиесілі «Audi-80» автокөлігінің қысқа электр желісінің тұйықталуынан өрт шыққан.

Соның нәтижесінде талапкердің көлігі зақымдалған.

Жылжымалы мүлікке келтірілген шығынды бағалау туралы есебіне сәйкес, талапкерге 500 000 теңгеден аса мөлшерде материалдық шығын келтірілген.

Заң бюросы қарыз сомасын өтейді

22/06/2017

Талапкер мен жауапкер арасында заңды қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалған.

Объектіге меншік құқығын тану туралы талапкердің құжаттарына заңдық қызметтер көрсеткені жауапкер 1млн.теңгеден аса сома алған.

Алайда, жауапкер келісім-шартта көзделген талапкердің мүддесіне сот отырысында өкілдік ету жөніндегі маңызды тармағының бірін орындамаған, соған сәйкес, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты  заңды қызмет көрсету туралы келісім-шартты бұзып, қарыз сомасын өндіріп алды.

Компания еңбек ақыны төлейді

22/06/2017

Ер адам «М» ЖШС-да Астана қаласындағы құрылыс жобасы басшысының лауазымында еңбек қатынасында тұрған.

Сотта анықталғандай,  компанияның қызметкердің алдында 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап  2 млн. теңгеден аса  мөлшерде еңбекақы бойынша берешек болған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден еңбек ақы бойынша берешек сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.