Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотында «Көктем» ТК тұтынушылардың құқығын қорғау» ҚБ өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық-имидждік қызмет жүйесін және оның мобильдік қосымшасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында соттың кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева осы жүйені қолдану тәртібін түсіндірді.

Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» мобильді қосымшасы жұмыс жасауда. Оның көмегімен соңғы жаңалықтарды, іс бойынша тыңдаулар тізімін, сот процесіне қатысушылардың күнтізбелігін көруге болады және әлеуметтік желілерде жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік бар.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі