Архив событий

28/06/2017

Жалдау шарты бойынша қарызды өндіру

28/06/2017

2016 жылдың қыркүйек айында «К» ЖК мен «А» ЖК  арасында ғимаратты жалдау шарты жасалған.

Алайда жауапкер жалға алған күндеріне жалға алу төлемін, коммуналдық төлемдерді және телефон байланыстары үшін ақы төлемей кетіп қалған. Осылайша жалға алушы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына жалға алу төлемі өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Кезекті жосықсыз жеткізуші

28/06/2017

2017 жылдың қаңтар айында «А» ЖШС және «F» ЖК арасында жеңіл автокөлікті жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шартқа сәйкес жауапкер шартқа қол қойылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде автокөлікті қоюға міндеттенеді, алайда жеке кәсіпкермен тауар қойылмаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Экономикалық соттардың судьяларының кездесуі өтті

28/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясында біліктілікті арттыру курсына келген мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьяларының кездесуі өтті.

Кездесу барысында судья А.Каримова сот ғимаратында экскурсия жүргізіп, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде сот жүйесі жеткен жетістіктерді тілге тиек етті.

Сот отырысы бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді

28/06/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі 1 тармағымен сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен сотталушы Н.-ға қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның тиесілі мүлкін тәркілеу арқылы 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.