Архив событий

15/06/2017

Ювеналды соттың судьясы «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары туралы айтты

15/06/2017

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.К.Алпысбаева «Астана» радиосында «Сот кабинеті» тақырыбында шықты.

Көлік құралын басқару құқығын тоқтату

15/06/2017

«ҚР ІІМ Астана қаласы Ішкі істер департаменті» ММ Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына аз. Д-ға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талап арызымен жүгінді.

Сот, аз. Д-ның Астана қаласы МӘОО психиатрлық бақылаудағы диспансерлік есепте  тұрғанын анықтаған.

2012 жылғы 27 наурызда аз. Д-ға «В» санатындағы жүргізуші куәлігі берілген, алайда дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысына сәйкес оған көлік құралын жүргізуге тыйым салынды.

Сот жұмыс берушіні жалақы төлеуге міндеттеді

15/06/2017

2016 жылы ер адам «А» ЖШС-не құрылыс алаңының бастығы қызметіне жұмысқа қабылданды.

Сот отырысында анықталғандай, жұмыс кезінде жұмыскерге еңбек шартына сәйкес жалақы сомасы төленбеген.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жосықсыз жұмыс берушіден жалақы бойынша берешек және моральдық зиян сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Іске аспаған арам пиғыл

15/06/2017

Сотталушы З. азық-түлік дүкенінен шығып келе жатып жәбірленуші К.-ге бас салып, ішінде жеке заттары және 55 000 теңгесі бар сөмкесін қолынан жұлып алған.

Алайда осы сәтте аз.И. жүгіріп келіп, З.-ға арам пиғылын іске асыруға кедергі келтірген.

Сотталушы З. жәбірленуші К.-ге келтірген залалдың орнын толтырған, осыған сәйкес, Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Жеткізілген тауар үшін қарыз

15/06/2017

«М» ЖШС-і «К» ЖШС-нен 30 млн теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сотта тараптардың арасында шарт жасалғандығы анықталды, оған сәйкес талапкер шамды жеткізуге, ал жауапкер қойылған тауарды қабылдап, ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда жауапкер тауардың төлемі бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындамаған, соған сәйкес қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Жұмысты орындау мерзімдері бұзылған

15/06/2017

2012 жылы «Астана қаласы құрылыс басқармасы» ММ мен «С» ЖШС арасында Астана қаласында жатақхана құрылысы бойынша шарт жасалған.

Алайда мердігер шарттағы міндеті бойынша жұмысты  мерзімінен 3 күнге кешіктіріп аяқтаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты басқарманың пайдасына айыппұл сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот коммуналдық қызметтер бойынша қарыз сомасын өндірді

15/06/2017

«К» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына азамат С-ға қатысты коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Тұрғын үй кешені иелерінің жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, көп пәтерлі үйге техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы төлем бекітілген.

Сотта анықталғандай, жауапкерде 2016 жылдың қараша айынан бастап  ЖПК алдында қызметтер бойынша қарызы бар.

Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік

15/06/2017

К. мемлекеттік қызметкердің әйелі бола тұра, мемлекеттік кірістер органдарына 2016 жылға меншік және жеке кіріс салығы бойынша декларацияны уақытылы тапсырмаған.

Алматы ауданы бойынша МКБ-ның бас маманымен К.-ге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 274 бабы 1бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К. әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Елордалық компания қарыз сомасын төлейді

15/06/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «И» ЖШС-нің «К» ЖШС-нан 7 млн.астам теңге көлемінде қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдерінен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш келіп түсті.

Тараптардың келісімі бойынша жауапкер 2017 жылдың 30 маусымына дейін қарыз сомасы төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұрыс ұрлыққа алып келді

15/06/2017

2017 жылы 6 наурызда М. өзімен бірге тұратын әйелмен ұрысқан,  және кетер кезде асханада стол үстінде жатқан оның «Nokia XpressMusic» маркалы ұлы телефонын ұрлаған.

Басты сот отырысында жәбірленуші М.-ның материалдық залалдың орнын толтырғанын және тараптардық татуласқанын айтқан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды.

Жосықсыз жеткізуші

15/06/2017

2017 жылы наурыз айында "Астана-Теплотранзит" АҚ мен «А» ЖК арасында тауарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шарт жасалғаннан кейін ЖК-дан тауардың қымбаттауына байланысты тауарды қоюдан бас тарту туралы хат түсті.

Осылайша жеткізуші міндеттемелерді орындаудан бас тартты.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ЖК мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Шешім заңды күшіне енді.